Сапа көрсеткіші: отандық құс фабрикалары өз тауарларына сенімді
«Атамекен» алаңында ел бойынша Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың талаптары мен ережелеріне сәйкес келмейтін импортталған құс шаруашылығының өнімдерін тарату бойынша мәселе қарастырылды. Отырысқа «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры – басқарушы директор Ербол Есенеев төралқалық етті.
Соңғы уақыттарда БАҚ көздерінде тамақ қауіпсіздігі нормаларына сай келмейтін Қазақстанға шеттен алып келінетін құс шаруашылығы өнімдерінің саны көбейгендігі жайында ақпарат көп.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық қорғау комитеті жыл басынан шетелден алып келінетін өнімдерді бақылау бойынша жұмысты күшейтті. Комитет төрағасы Жандарбек Бекшиннің айтуынша негізгі қауіпті өнімдерді жеткізушілер – Ресей мен Белорусь. Импортталған құс шаруашылығының өнімдерін тексеру барысында соңғы 4 айдадың көрсеткіштері бойынша өнімнің 8,5%-і қауіпсіздік ережелеріне сай емес, 67%-ында таңбалау дұрыс орындалмаған.
Өз кезегінде қазақстандық құс фабрикалары бірнеше сатылы тексеруден өтеді: кәсіпорын бойынша ішкі бақылау, әрбір топтаманы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Республикалық мал дәрігерлік зертхана тексерісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық сараптама орталығы өткізетін тоқсандық тексерістері және бақылау органдарына ерікті түрде тексерістен өткізу.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін өнімдер сапа көрсеткішін растайтын құжатпен келеді, алайда, Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасына сәйкес ел аумағына келген уақытта қазақстандық органдармен қайта тексеруден өтпейді.
«Бұл арада қауіп-қатер бар. Өнім тек бақылау сатып алулары жүргізілген уақытта тексеріледі, ал мұндай шаралар тұрақты емес. Оны тұрақты жүргізу үшін үлкен көлемдегі бюджеттік қаражат қажет. Біз импорттаушы қажет жағдайда өз қаражатына қайта тексерістен өткізу қажет деген пікірді ұстанамыз. Сонымен қатар, нарықта контрабандалық тауар және демпинг сынды мәселелер бар», – деді Республиканың жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко.
Максим Божко ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық қорғау комитетінің тұрақты негізде импортталатын өнімдерді қатаң бақылауда ұстауға шақырды. Қазіргі таңда Қазақстан шамамен 350 тонна құс етін қолданады және ол көрсеткіштің жартысы импортталады. Спикер адал емес импортерлардың өнімдерін қолданыстан шығарып тастап, нарыққа шығармауға баса назар аудару керектігін айтты.
Ербол Есенеев бұндай шаралар қажет екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, жақын арада өнімді бақылау аясында тұтынушылар штрих-код бойынша өндіру мерзімдерін, сақтау жағдайларын, малға байланысты қолданылған мал дәрігерлік шараларды бақылауға мүмкіндік алады. Бұл процесс автоматтандырылған болады. Өнімді бақылау бойынша пилотты жоба Республиканың жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының негізінде жүзеге аспақ. Жобаның бағдарламалық өнімі күзде бұқараға таныстырылатын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: