Еңбек нарығына кім керек? «Атамекен» сұранысты анықтаудың әдістемесін ұсынды
Ұлттық палата алаңында «Атамекен» ҰКП Төралқасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің отырысы өтті. Жиынға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Эльдар Жұмағазиев, комитет мүшелері мен сарапшылар қатысты. Жиын барысында комитет мүшелері маман сұранысын анықтаудағы негізгі тәсілдерді, кәсіби стандарттарды дайындаудағы түйткілді мәселелерді талқылады.
Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов Астана экономикалық форумы аясында Мемлекет басшысы дамудың 5 басты трендін атағанын, оның бірі жаһандық еңбек нарығы екеніне назар аударды. Комитеттің негізгі жұмысы осы трендпен байланысты.
Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес 2016 жылдан бастап кәсіби стандарттарды дайындау, енгізу, алмастыру және қайта қарауды салалық біліктілік аясы негізінде жұмыс берушілер бірлестігі жүзеге асырады, мемлекеттік уәкілетті орган қойған еңбек тәртібі негізінде «Атамекен» бекітеді. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева атап өтті.
Қазіргі таңда кәсіби стандартты дайындауға қаржы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында бөлінеді. 2020 жылға дейін 550 кәсіби стандарт дайындау жоспарланған. Бастамашыл талдама аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ақпараттық технология, музыка, өнер, құрылыс, спорт, қонақ үй шаруашылығы, туризм, күзет қызметі және білім беру салаларындағы 27 кәсіби стандартты бекітті.
Талқылау барысында қатысушылар біліктілік жүйесінің дамуына кедергі болып отырған негізгі факторларды атады: стандарттарды дайындау және өзекті ету процесінде икемділік жоқ, үйлестіруші орган жоқ, сондай-ақ жүйе қызметінде тұжырымдама мен стратегиялық жоспар жоқ.
«Шын мәнінде бізге бизнестің сұранысын бүгін ғана емес, ертең де орындауға мүмкіндік беретін тұжырымдамалық және стратегиялық тәсілдер жетпейді», – деп атап өтті Талғат Доскенов.
Нарық машығының шұғыл өзгеретініне икемді әсер ететін стандарт бойынша жұмысты ұйымдастыруға көршілес елдердің тәжірибесін алу қажет. Мысалы Түркияның тәжірибесіне сүйену керек. Өкініштісі, халықаралық стандарттарды негізге ала отырып барлық сала үшін кәсіби стандарттарды, машықтарды жазып шығатын қауымдастық жоқ. Осы үшін барлық стандартты дайындау жауапкершілігін алатын жауапты органды анықтау керек. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ осындай ұйымға айнала алады. Бұл ойды «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев ортаға салды.
Айтылған тәсілдермен келіскен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова осы мәселені ҚР Премьер-министрнің орынбасары Ерболат Досаевқа дейін шығаруға дайын екенін айтты.
«Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры–Басқарушы директор Олжас Ордабаев атап өткендей, барлық өңірдегі бизнестің негізгі мәселесі – білікті маманның тапшылығы. IT-мамандарды мысалға ала отырып «Атамекен» жұмыс іздеу сайттарында жұмыс берушілер мен іздеушілердің саны бірдей екенін анықтады.
«Сараптама барысында маманның біліктілігі төмен немесе жұмыс берушіге салалық маман қажет екенін анықталды. Өкініштісі, еңбек нарығында кім және қандай қабілетке ие болу керектігі туралы нақты түсінік жоқ. Тиісінше білім беру жүйесі мемлекеттік тапсырысты дұрыс бөлмейді. Басты сауал – жағдайға қатысты қалай болжам жасау керек?» – деді Олжас Ордабаев.
Комитет отырысы аясында Ұлттық палата маман сұранысын анықтау әдістемесін таныстырды. Көпфакторлы сараптама 4 сатыдан тұрады: өңірлерге макроэкономикалық талдау, өңірлердің мамандандыруын анықтау, кәсіп пен талап етілетін машықты анықтау және мамандық пен біліктілікті анықтау.
«Бүгінде еңбек нарығы мен бизнестің сұранысына тек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап береді. Мемлекеттік құрылымдардың осы мәселеге қатысты ұстанымы дұрыс емес, барлық салалық министрліктер, ұлттық экономика министрлігі, сондай-ақ, әсіресе, инвестициялар және даму министрлігі қатысуы керек», – деді Талғат Доскенов.
Ол министрліктер мен мекемелер маман сұранысы зерттеуіне назар аудармайтынын атап өтті, жоспарлау сауалнама негізінде жүзеге асады, бұл қысқа мерзімдегі ахуалды көрсетеді. «Атамекен» ұсынған әдістеме макроэкономикалық көрсеткіштер мен бизнестің нақты сұранысы арасындағы теңгерімді табуға көмектесе алады.
Зерттеуден көргендей, көп жағдайда саладағы жалпы мәселе анықталады, бірақ өңірлерде, ауылдардағы жағдай зерттелмей келеді дегенді алға тартты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының маманы Ануар Керембаев.
«Мемлекеттік бағдарлама көп ретте соңына дейін орындалмайды. Еңбек ресурстары мәселесінде құралдардың жоқтығы нәтиже шығаруды тежейді», – деп атап өтті Ануар Керембаев.
«Атамекен» еңбек нарығы сұранысына мониторинг жүргізді және Ақмола облысы жұмыс берушілері арасында сауалнама өткізді. Талдау нәтижесінде түлектер заманауи жабдық пен бағдарламаны қолдануды білмейтіндігі анықталды. Мысалы өңірде «Линкольн» дәнекерлеу аппаратымен жұмыс істей алатын маман тапшы.
Мұндай талдау ҚР Білім және ғылым министрлігіне мемлекеттік тапсырысты бөлуде бағыт беріп, мемлекеттік орган мен биліктің байланысын реттер еді. Жиынға қатысушылар әдістемені жетілдіруге қатысты ұсыныстар берді. Түзетулер енгізілгеннен кейін «Атамекен» бағдарламаның соңғы нұсқасын таныстырады. Эльдар Жұмағазиев мамандар сұранысын анықтауға қатысты жұмыстың маңыздылығын атап өтті және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлердің даму әлеуетін түсіну мақсатында аудан орталықтарын скринингтен өткізу жұмысын бастағанын хабарлады.
«Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ төрағасы Нұрғали Аршабеков WorldSkills қозғалысы халықаралық стандартқа және жоғары технологиялы өндірістің сұранысына сай маман дайындаудағы тиімді құрал екенін атап өтті. Сонымен қатар Ұлттық палатаның Қозғалыс өнеркәсіптік комитетін ұйымдастырушы ретіндегі рөлі айтылды.
Комитет отырысын тұжырымдаған Талғат Доскенов қатысушыларды талқыланған мәселелерге қатысты ұсыныс жіберуге шақырды. Оның негізінде мемлекеттік органдарға ұсыным дайындалады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: