Оңтүстіктің кәсіпкерлері Елбасы шешімін қолдайды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлердің саны еліміз бойынша көш басында тұр. Бұл салада 125 мыңнан астам нысан тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша, олар өндірген өнімнің көлемі 534 миллиард теңгеден асып жығылған. Сонымен қатар, 280 мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Хабар.
Бұл - өңірде индустриалдық аймақтардың тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда ашылып, кәсіпкерлерді қолдау орталығындағы тиянақты атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Елбасының Үкіметке кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға байланысты берген тапсырмалары мен тексеруге жарияланған мораторий саланың одан әрі қарқын алуына септігін тигізетіні анық,-дейді оңтүстікқазақстандықтар.
Нұржан Мамытов, Кәсіпкер:
- Шет мемлекеттерде, Қытайда мысалы, кәсіпкерлікті дамыту үшін сондай жағдайлар жасайды. Тек қана өзінің затын, өндірісін сыртқа сатсын деген бүкіл жағдайлар жасайды, тексеру емес. Енді біздерде енді бастап жатқан кәсіпкерлерге жан-жақты тексеріп, қыса берсек, әрине ол дамымайды. Сол себептен бұл жасалып жатқан мүмкіншілік орасан зор, өзінің жемісін береді деген ойдамыз.
Қайыпбек Қамбаров, Кәсіпкер:
- Кәсіпкерге ол да бір үлкен қолдау болып табылады. Кәсіпкер қазір 1 жыл көлемінде тексерілмейтініне көзі жетіп, кепілдік ретінде тексеру болмағаннан кейін, өзінің ісімен айналысып, ешнәрсеге алаңдамай, жұмысын істей береді деген мәселе ғой. Ойлаймын, бұл да Елбасының көрегендігі деп есептейміз. Барлық жиналыстарда осы мәселе көтеріліп, кәсіпкерлер жағынан үлкен қолдау тауып жатқаны және Елбасымызға ризашылығын білдіріп жатқаны.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: