«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлік қызметті жетілдіру туралы заңда не өзгерді?

2018 жылғы 03 Қыркүйек
16319 просмотров

Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша өзгерістерге қол қойды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша өзгерістерге  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қойып, аталған заңның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Айта кетелік, «Атамекен» ҚР ҰКП заң жобасын әзірлеу жұмысына атсалысты. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қандай ұсыныстары ескерілгенін қарастырайық.

БИЗНЕСТІ ҚАЙТА РЕТТЕУ

Заңның негізгі жаңашылдықтарының бірі – алдын ала бақылаудың енгізілуі. Оның нәтижесі бойынша кәсіпкерге әкімшілік жасалаусыз бұзушылықтарды алып тастау туралы нұсқама беріледі. Сонымен қатар құжатта мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау фунциялары қысқартылған. Қайталама және тиімсіздігі салдарынан 114 бақылау саласының 20-сы алынып тасталды, кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша 30 497 талаптың 17 654-і қысқартылды. Мемлекеттің және тұтынушының қайталанатын және қаупі төнбейтін қауiп-қатерлерi мемлекеттiк органдардың 544 бақылау және қадағалау функцияларының 108-і жойылды.

Кәсіпкерлік субъектісіне бару арқылы арнайы тәртіп бойынша және алдын ала тексеруді өткізу мерзімі – 30 жұмыс күннен 15  жұмыс күнге дейін,  ал жоспардан тыс тексерулер – 30 жұмыс күннен 10 жұмыс күнге дейін қысқартылды.  

Жалпы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды реформалау бойынша қолданып жатқан шаралар тексеру санын 2018 жылға қарай 30%-ға, 2020 жылға қарай тағы 10%-ға азайтады.

  

БИЗНЕС ҮШІН БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖАППАЙ ТӨМЕНДЕУІ

«Атамекен» бизнес үшін шығындарды азайту бойынша 71 ұсыныс дайындады. Бұған қоса, бизнес пен мемлекеттік органдар ұсыныстары есепке алынған, алдын ала шаралар тізбесі анықталған. Ал оларды жүзеге асыру бизнес шығындарын азайтады, атап айтқанда:

  1. Квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарымен көрсетілетін ақылы қызмет түрлерінің құнын қысқаруы немесе төмендеуі;
  2. бюджетке (алымдар) жеке салықтар мен міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің төмендеуі;
  3.  заңды тұлғалар мен халыққа арналаған реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері (бағалар) арасындағы алшақтықты қысқарту;
  4.  табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру тәртібін жетілдіру;
  5.  Жер қатынастары саласында мәселелер шешілуде. Жер учаскілерін беру процедурасында ашықтық қамтамасыз етіледі. Аукциондарды өткізу және өткізу мерзімі бойынша әкімдіктер жауапкершілігі заң тұрғысынан бекітіліп жатыр, осылайша аталған салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайтылмақ.

БИЗНЕС ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУ 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті реттеу және шығындарды азайтуда ҚР Ұлттық экономика министрлігі және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, бірқатар жұмысты атқарды, нәтижесінде аталған заң жобасына өзгертулер енгізілді. Бұл шаралар кәсіпкерлер тарапынан болуы мүмкін бұзушылықтар, оның ішінде заңнаманы қасақана бұзу, өнім сапасын төмендету тәуекелдерін ескере отырып қарастырылған.

Осындай олқылықтарды алып тастау үшін бизнес жауапкершілігін көздейтін ұсыныстар әзірленген. Олар қандай?

Біріншіден – өзін-өзі реттеу арқылы бизнес жауапкершілігін қамтамасыз ету. Бұл енгізу бизнес-қоғамдастықтың стандарттарына және ережелеріне қойылатын талаптардың артуын, өзін-өзі реттейтін ұйымның барлық мүшелерінің біреуінің кемшіліктері үшін бірлескен мүліктік жауапкершілігін енгізуді көздейді.

Ары қарай тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін дамыту. Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін мемлекет және бизнестің, жалпы қоғамның мүддесін бірдей қамтитын жүйе құру керек.

 Мұны «адал бәсекелестік және жарыстастық» принципі арқылы жүзеге асыруға болады. Ұсынылатын тауар, жұмыс, қызмет түрлерінің сапасын арттыру бәсекелестік арқылы болатыны баршаға анық. Осыған байланысты «Атамекен» ҰКП Ұлттық рейтингтер жүйесін құруды ұсынады.

Енгізу құралы ретінде тұтынушылар пікріне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін тәуелсіз бағалау мен саралау, ресми қаржылық есептілікке және әділ әлеуметтік-экономикалық қатынастар қағидатын құруға негізделген рейтингтер жүйесі болуы керек.

Сондай-ақ, бизнестің жауапкершілігін арттыру, адалдық принципін қамтамасыз ету үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің этика және іскерлік әдебі кодексін әзірлеп, қабылдамақ. Кодексте кәсіпкерлердің басқа кәсіпкерлік субъектілермен ара қатынас құруы кезіндегі нормалары мен міндеттемелері, сонымен қатар оларды орындау механизмдер белгіленеді.

Мәселен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Этика бойынша кеңес құрылады. Кеңесте кәсіпкерлердің басқа бизнесмендердің этика нормаларын бұзу бойынша шағымдары қарастырылатын  болады. Нәтижесі «Атамекена» сайтыында және БАҚ көздерінде жарияланады.

 Келесі шара – бақылау формаларының баламалы түрлерін дамыту, мәселен, сақтандыру немесе аудит, сонымен қатар кәсіпкерлердің, халықтың тұтынушылық білімін дамыту мен түсіндіру жұмыстарын күшейту.

 

АҚПАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ РЕФОРМАЛАУ 

Кәсіпкерлік дамуындағы әкімшілік кедергілердің бірі – ақпараттық құралдардың көптігі. Яғни кәсіпкер заңдық тұрғыда мемлекеттік органдар мен ведомстволық ұйымдарға түрлі есептер, анықтамалар және басқа да мәліметтер беруге міндеттеледі. Заңнамаға егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланбайтын немесе басқа мақсаттарды көздейтін қайталанатын ақпаратттық құралдар саны анықталды.

Саны 1600-ды құрайтын ақпараттық құралдардың бастапқы тізбесі құрылды. Тізбе бойынша құралдар егжей-тегжейлі талданып жатыр.

 Нәтижесіне «гильотина» әдісін қолдана отырып, 2018 жылы ақпараттық құралдары көлемін 30%-ға қысқарту көзделіп,  олардың соңғы тізбесін заңдық тұрғыда бекіту жоспарланған.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ «DOING BUSINESS» РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДӘРЕЖЕСІН ЖАҚСАРТУ

 Жаңа пакет бойынша «Doing Business» ретингінің 9 индикаторы бойынша өзгерту қарастырылған («Кәсіпорынды ашу», «Шарттарды орындауды қамтамасыз ету», «Құрылысқа рұқсат алу», «Халықаралық сауда», «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу», «Миноритарлық инвесторларды қорғау», «Төлеуге қабілетсіздікті шешу», «Меншікті тіркеу», «Несие алу»), 7 кодекс пен 20 Заңға 148 түзету енгізу көзделген. Жалпы түзетудің  6-шы пакетінде халықаралық сарапшылардың 12 ұсынысын жүзеге асыру көзделген.

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН НОРМАЛАРДЫ АНЫҚТАУ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ

Тексерудің мақсаты қоғам мүддесіне нұқсан келтірместен және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, салауатты бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы елдегі іскерлік ахуалды жақсарту.

8 кодекс талданып, 36 түзету әзірленді, 10 заңды талдау қорытындысы бойынша 95 түзету әзірленді.

Түзетулер мынаған бағытталған:

  1. Бәсекелстіктің пайда болуы және (немесе) дамуына кедергі келтіретін заң нормалары мен актілерді алып тастау немесе өзгерту;
  2. Бір топ тұлғалардың құқығын шектеуге әкелетін заң нормалары мен актілерді алып тастау және (немесе) өзгерту.

Қазіргі таңда бәсекелестікке кедергі келтіретін заң нормаларына тексеру ары қарай жалғасуда, сонымен қатар 70 заң мен 1000 қосалқы заң актілеріне талдау жасалады, соның нәтижесінде заңнамаға қосымша түзетулер енгізіледі.

«Енгізіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты – бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіре түсу. Заңда мемлекеттік бақылау функцияларын шамамен 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Құқық бұзушылықтың алдын алатын профилактикалық бақылау институтына баса мән берілген. Табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан көрсетілетін қызметтер реттеледі», – деді Елбасы және осы заңның қабылдануы халқымыздың игілігі жолында елдегі кәсіпкерлік қызметті жандандыруға тың серпін беретініне сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер