Бақшаның орнына сотқа шағымдар
ОҚО қаржылық ұйымы көмек көрсетуге емес, шаруаларға талап қоюға тырысуда
Бірден 10 ауылдық кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының іс-әрекеттеріне шағымданып, Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Осы кәсіпкерлердің барлығы 2015 жылы «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бау-бақша өсірумен айналысуға шешім қабылдаған болатын.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» «AlatauFruitsEngineering» жеке компаниясымен жалпы алқапты 50 гектар алма бақшаларын сату және сатып алу туралы үш жақты келісім жасасты. Осы келісімге сәйкес, компания бақшаны үш жылдан кейін өсіріп, кейіннен дайын бақтарды 10 кәсіпкерге жалға беру керек болатын.
Шаруаларға бақшаларды беру мерзімі келіп жеткенде, олардың иесі әртүрлі сылтаулармен келісімшарттың мерзімін үш рет ұзартты, сонымен қоса сату-сатып алу келісім шартына қоысмша келісімге қол қою арқылы жалға алушылар да ауысты. Ал бау-бақша 99% дайын болған кезде Ауыл шаруашылығын қолдау қоры лизинг алушылармен («шаруа қожалықтары») және «AlatauFruitsEngineering» ЖШС-мен біржақты тәртіпте келісім шартты бұзады. Он кәсіпкердің бірі – М.Х. Маханова шартты еріксіз бұзудан бас тартты. Қор оны сотқа беріп, нәтижесінде жеңіп шығады.
Бұдан басқа, негізгі міндеттемелерді орындамаған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» қалған басқа кәсіпкерлерді және бақтарды отырғызған компанияны, келісімшартты бұзуды және «AlatauFruitsEngineering» компаниясынан 332 781 308 теңге қарыз сомасын өндіріп беруді талап етіп сотқа берді.
Сот Қордың пайдасына шешім қабылдайды. Маханова шешімімен келіспей, қайта апелляциялық шағым берді. Мәселе Кәсіпкерлердің құқықтарды қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысына енгізіліп, талқыланды.
«Біз осы бақшаларды үш жылдан бері күтіп отырмыз. Бірақ Қаржылық қолдау қоры оларды әртүрлі себептерді сылтауратып әрі қарай жалға беруге бас тартуда, бірақ жоба 95 пайызға аяқталған! Бірақ мен оны тіпті осы күйімен қабылдауға дайынмын және өз есебіммен аяқтаймын. Мен барлық шығындарды лизинг шарты бойынша төлеуге дайынмын», – дейді Маханова ЖК өкілі Саят Стамқұлов.
Кеңестің мүшелері Қордың өкілінен тек сот шешіміне жүгінген басқа ақылға сыйымды жауап ала алмады.
«Сіз өзіңіздің миссияңыз бен тапсырмаңыз – ауыл шаруашылығын, отандық ауыл шаруашылық өндірісін қолдау және дамыту екенін түсінесіз бе? Ал сендер не істеп жатырсыңдар? Қолдаудың орнына, аяқтарына тұруға тырысып жатқан бизнесмендердің сот істерімен аяқтарынан шалып жатырсыңдар! Сендер мемлекеттік бағдарламаны бұзып та үлгердіңдер!», – деп кеңестің мүшесі Владимир Накисбаев Қордың заңгеріне жүгінді.
Кеңестің төрағасы Мелес Сейітжанов жиналысқа қатысқан облыстық прокурордың көмекшісіне іс материалдарын зерттеу және оларға құқықтық баға беру туралы өтінішпен жүгінді.
ОҚО Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Сабира Адамбекованың айтуынша, жақында ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының және «Ырыс» микроқаржы ұйымының іс-әрекеттері туралы шағымдарымен Палатаға жиі шағымдана бастаған.
Өтініштерді талдай отырып, Палата сарапшылары қаржы институттарының белгілі бір қызметтерін алу кезінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерінде жиі кездесетін қаржы ұйымдарының тарапынан келтіретін кедергілерін анықтады.
«Кәсіпкерлерге кепілдік мүлікті сақтандыруды және бағалауды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Оңтүстік Қазақстан филиалы мен «Ырыс» микроқаржылық ұйымы» ЖШС анықтап берген сақтандыру және бағалау компанияларында ғана жүргізуге мәжбүрлейді. – деп атап өтті Сабира Адамбекова. – Мысалы, Түркістан қаласында екі бағалаушы компаниялардың болуына қарамастан, «АШҚҚҚ» АҚ және «Ырыс» МҚҰ» өкілдері кәсіпкерлерді Шымкент қаласындағы «Премиум Бағалау» және BION GROUP бағалау компанияларында ғана бағалау жүргізуге мәжбүр етеді».
Бұдан бөлек, кәсіпкерлер микрокредиттеу туралы өтінішті қарастыру алдында үлкен шығындарға ұшырайды: кепілдікті бағалау, нотариалды куәландыру және т.б. Көптеген жағдайларда комиссия қарыз беруден бас тартады. Сонымен бірге, кәсіпкерлер құжаттарды дайындау кезінде несие алмай жатып та шығынға батып үлгереді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: