«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай»: отандық транзитке басымдық берілген

2018 жылғы 23 Мамыр
4211 просмотров

Бәсекелестікті жоғарылату жолында: ҚР автокөлік саясатын дамыту назарға алынып отыр.

 23 мамыр күні «Атамекен» ҚР ҰКП жұмыс тобы мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің көлік саясатын дамыту бойынша жиыны өтті.

Жиын ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі  Роман Скляр және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың жетекшілігімен өтті. Шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі және салалық қауымдастықтар өкілдері қатысты. Кездесу барысында автокөлік саласы мәселелері мен оларды шешу шаралары талқыланды.

Кездесуді аша отырып, Роман Скляр халықаралық жүк тасымалдау қызметінде отандық тасымалдаушылрады қорғау бойынша министрліктің жұмысы, сондай-ақ, қала аралық тасымалдау үшін автобустарды жаңарту шаралары жайында ақпарат берді.

 Өз кезегінде Елдос Рамазанов қаралып жатқан мәселелердің кәсіпкерлік дамуындағы маңызы мен отандық тасымалдаушылардың ішкі және халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігін атап өтті.

Халықаралық автокөлік тасымалдардағы қазіргі жағдай, шетелдік тасымалдаушыларға деген бақылауды күшейту қажеттілігі, Ресей территориясынан өтетін транзит кезінде РФ Федералды кеден қызметінің қосарлы тексеруін алып тастау, сонымен қатар жүк паркін жаңарту бойынша бастамаларды қолдау жайында ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағының Астана өкілдігінің директоры Иван Янсон айтып берді.

 «ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП және салалық қауымдастықтардың берлесіп күш салуымен Қазақстан тасымалдаушылардың халықаралық қызметтер нарығындағы үлесі 52% -ға дейін өсті. Алайда бірқатар шешілмеген түйткілдер бар. Бұл, бірінші кезекте шетелдік тасымалдаушыларды көліктік бақылаудың тиімсіздігі, жүк көліктер үшін бастапқы тіркеуге жинаудың 5-тен 7 жылға дейін – 2500 АЕК-ті құрайтын мөлшерлеменің жоғарылығы салдарынан батыс еуропалық сапалы  машиналарды сатып алуға тиым салынды. Бұл мөлшермелерді 350АЕК-ке дейін төмендету қажет, осылайша отандық тасымалдаушылар «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» бағытында тасымалдардың көлемін ұлғайта алады. Екінші, Автомобиль көлігі туралы заңға «бөлінбейтін жүк» нормасын бекіту керек, өйткені Қытайдан Қазақстанға ауыр машиналармен рұқсат етілген остік жүктілікті асырып жүк тасымалданады, салдарынан тас жол қабаты зақымдалады. Бұл мәселе жайында бірнеше рет айтқанбыз және ҰКП мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қолдады», – деді Иван Янсон. 

Оның айтуынша, ЕАЭО шарты бойынша егер тасымалдаушы тәртіпті бұзып келе жатса (қажетті рұқсаттар болмаса), оған ЕАЭО сыртқы шекарасында жақын орналасқан көлік бақылау бекеті жайында хабарлама беріледі, бұзышулықтарды реттеу мақсатында сол жерден тасымалдаушы тексеруден өтуі тиіс.

«Қазақстан-Ресей шекарасынан көлік бақылаудың тұрақты бекеттері алынып тасталған. Көліктердің күруін, оның габариттік мөлшерін белгілейтін, бақылауды автоматтандыратын және адам факторын азайтатын арнайы автоматты тексеру құралдарын орнату бойынша жұмыс жүріп жатыр», – деді Роман Скляр.

Сонымен қатар автобус жолаушы тасымалдарының тиімсіздігі талқыланды, бұл мәселеге «ҚР автокөлікшілер одағы» ЗТБ бас директоры Сәбит Манабаев өз пікірін білдірді.

«Автобус тасымалдарын орындайтын кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында оларды корпоративті табыс салығы мен қосымша құн салығын төлеуден босату керек, өйткені бұл кәсіп түрі әлеуемттік мәнге ие. Бұл шара тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау кезінде бюджеттік қаражатты қайта салуды доғарады», – деп атап өтті Сәбит Аманбаев.

 Бұл мәселе бірнеше рет түрлі мемлекеттік алаңдарда, оның ішінде ҚР Үкіметі мінберінде көтерілген болатын. Алайда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы корпоративті табыс салығы мен қосымша құн салығын алып тасатуды қолдамайды, осылайша компаниялар жеке кәсіпкерлікке ыдырайды да бизнес көлеңкелі экономикаға бет бұрады.

 ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі қала және қала маңы жолаушылар тасымалдарын орындап отырған ұйымдарды корпоративті табыс салығы мен қосымша құн салығынан босату орынсыз, өйткені бұл салық түрлерінің ауыртпалығы айтарлықтай емес деген пікір айтты.

 Бұл уәжге қатысты Елдос Рамазанов әлеуметті маңызды маршруттардағы Қарағанды тасымалдаушыларын пилоттық режимде корпоративті табыс салығы мен қосымша құн салығынан босату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Жиын қатысушылары жолаушы тасымалдаушылары саласын дамыту бойынша мемлекеттік  бағдарлама қажеттілігін көтерді. Бұған қоса тасымалдаушыларға «Ақтау» мен «Құрық» Каспий порттарына қолжетімділігі, «Шалқар-Бейнеу» жаңа тас жолын құрылысы мәселесін қарастыру айтылды.

 «Саланың негізгі шаралары 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Осы Мемлекеттiк бағдарламаға жолаушылар тасымалы саласын дамыту жөнiнде ұсыныстарды енгізуді сұраймыз», – деді Роман Скляр.

Қорытындылай келе Роман Скляр «Атамекенмен» бірлесіп, отандық тасымалдаушыларын қолдау мен дамыту шараларын қолға алуды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер