«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан-Өзбекстан форумында 62 млн АҚШ долларын құрайтын келісімге қол қойылды

2018 жылғы 23 Мамыр
- Шымкент қаласы
10310 просмотров

Шымкентте ОҚО Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бизнес-форумда ОҚО билік өкілдері арасында ынтымақтастықты арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан және Өзбекістанның ірі кәсіпорындары арасында 62 миллион АҚШ долларынан астам сомаға 8 түрлі құжатқа қол қойылды.

Атап айтқанда, ОҚО әкімдігі мен «Alliance textile» өзбек компаниясы арасында аймақтың тоқыма өнеркәсібіне инвестиция салу туралы келісімге қол қойылды. Бұдан басқа, «Оңтүстік» АЭА мен «Қазтехинпекс» ЖШС көршілес кәсіпорны арасында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында тоқыма кәсіпорындарын оңалту туралы Меморандумға қол қойылды. Бәрінен бұрын Оңтүстік Қазақстандық металл құймаларын шығаратын «Ferrum-Vtor» компаниясының жолы болды, ол бірден 3 келісімге – 30 млн АҚШ доллары сомасына металл құймаларын экспортқа шығару бойынша және екеуі 10 млн АҚШ доллары сомасына арматура жеткізу бойынша келісімге қол қойды. Дәрі-дәрмектер өндіретін зауыт салу туралы меморандумға облыс әкімдігі мен «Дентафиль плюс» өзбек компаниясы қол қойды.

Сонымен бірге Шымкент қаласындағы барша жасыл технология саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында серіктестік туралы келісімге қол қойды. Бұдан бөлек, екі елдің 8 кәсіпкері арасында экспортқа арналған өнімдерді жеткізу туралы шарт жасалды.

Айта кетейік, бүгін Шымкентте іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өткен болатын. Форум барысында алғаш рет іскерлік кеңестің бірінші кездесуі болып өтті.  Форум жұмысына екі елдің елшілері Ерік Өтембаев пен Саидикрам Ниязходжаев, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Өзбекстан Республикасының Сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Саифназаров, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Өзбекстандағы сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен 400-ден астам қос елдің кәсіпкерлері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер