«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы балалар колониясы бизнеске арнап орын-жайларды тегін беруге дайын

2018 жылғы 22 Мамыр
- Алматы қаласы
6707 просмотров

Бұзақы жасөсіпірімдерді кәсіпкерлікке бейімдеу арқылы тәрбиелемек

ЛА -155/6 түзету мекемесі тәрбиелеушілерінің жасы 15 пен 18 жас аралығы. Мерзімін өтеп шыққан адамның жұмысқа орналасуы екіталай. Сондықтан Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жас жеткіншектерге мерзімдерін өтеп, отырып шыққан соң жеке кәсіп ашуды ұсынды. Алғашқы капиталсыз қандай бизнеспен айналысуға болатыны жайында ӨКП бизнес-тренеры Әсем Сұлтанова айтып берді.  

«Жасөспірімдерге арнап шағын тренинг өткіздік.  Мақсатымыз балаларға жеке кәсіпті нөлден ашуға болатынын жеткізу. Кімнің қолынан не келеді және сол кәсіппен қалай табыс табуға болатыны жайында әңгімелестік. Жас өспірімдер тамақты жақсы дайындап, үй жинау, көкөніс өсіру, тіпті ағаштан кеме оя алатын болып шықты. Жастар әңгімеге белсене араласты. Олардың көздері от шашып, ізденімпаз сұрақтары көңілден шықты. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы атынан біз балаларға «Шағын бизнестегі 100 жоба» атты кітаптың 10 данасын сыйға тарттық. Онда түрлі бизнес-жоспарлар мен идеялар жазылған», – деді  Әсем Сұлтанова.

Кәсіпкер Игорь Ильинский «Sophia Linsky» бренді оның ұзын бойы арқасында өмірге келгенін айтты. Әскерде Игорь өзіне арнап үлкен форма тігуге мәжібүр болған. Кейін достарына да жейде, шалбар тіге бастаған. Уақыт өте келе ол ателье ашқан.

 «Саналы өмірімде түрлі бұйым тіктім. Екіжақты курткалар жақсы тігілетін, сұранысы да айтарлықтай. Біз оларды Қазақстанның түрлі қалалары мен Омбы және Новосибирске жеткізетінбіз. Уақыт өте келе футболка шығаруды жөн санадым. Өндірісіміздің артықшылығы – мата сапасы мен қазақ нақыштағы ою-өрнек. Қазіргі таңда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуға өтініш бердік», – деді Игорь Ильинский.

Кәсіпкер тауар немесе жұмыспен бірге жақсы көңіл күй сатуға кеңес берді. Оның айтуынша клиент жақсы көңіл бөлінсе, ыңғайлы болса қымбат сатып алуға дайын. Жақсы көңіл күй әр іскер адамның серігі болуы тиіс деп санайды кәсіпкер. Сондықтан жұмысшыларды еңбекақысы мен шикізат сапасына келгенде үнемдеу орынсыз.

 Кәсіпкер Әділ Абдрахман заңгерлік мамандықтан кетіп, ұлттық музыка аспаптарын өндіруге кеткен. Ал Тайыр Нұғманов болса кәсіпті енді қолға алғанда бауырсақ өндірісіне ақша салуға дайын инвесторды зорға тапқанын айтып берді. Бірақ алғашқы күні 5 тонна өнімнің 4 тоннасы бұзылып кеткен. Алайда кәсіпкер мұнымен тоқтамай алға жылжыды. Бүгінде ол бүкіл Қазақстан бойынша 200 келі фирмалық бауырсақты саудалайды.

 Түзеу мекемесінің аға инспекторы Жадыра Абдулмуталип бизнесмендермен кездескен жасөспірімдер жақсы кеңестер алып, ой түйген. Жастар колония қабырғасында-ақ кәсіп бастай алады. Мекеме өкілдері бизнесмендерді ынтымақтастыққа шақырды. Аға инспектордың айтуынша, колония басшылығы балаларды оқытуға атсалысқан бизнеске арнап өндіріс ашуға орынжайларды тегін береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер