«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес Кәсіпкерлердің этика және іскерлік әдебі кодексін талқылауда

2018 жылғы 21 Мамыр
5818 просмотров

Аталған кодекс «Атамекен» ҚР ҰКП Съезі кезінде қабылданады деп жоспарланған. Әзірге бизнесмендер құжатқа ұсыныстарын енгізе алады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметі басталған күннен бастап бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау, оның ішінде заңнамалық деңгейде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.  

«Экономикалық» құқық бұзушылықтар құрамына декриминализациялау, қылмыстық және әкімшілік заңнамаға ізгілендіру жүргізілді. Рұқсат беру жүйесінен бастап бизнес жүргізудің нақты аспектілеріне дейін кәсіпкерлердің күнделікті жұмысына мемлекеттің әсер ету салаларын төмендетуге қол жеткізілді. Бизнестегі адалдық қағидалары заңдарға енгізілді.  

Осы ретте мемлекеттің әсер ету деңгейі төмендету тауар, жұмыс, қызмет көрсетудің қауіпсіздігі мен сапасын қолдауға мүмкіндік беретін құралдарымен өтелуі тиіс. Шетелдік тәжірибеде мұндай құралдар рөлін ұлттық, өңірлік, халықаралық стандарттау мен сертификаттау жүйелері орындайды. Өзін-өзі реттеу, сонымен қатар өзін-өзі бақылау жүйесі аясында ерікті этикалық және кәсіби стандарттар жұмыс істейді.

Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП әлем тәжірибесін зерттеп, Қазақстан кәсіпкерлерінің этика және іскерлік әдебінің кодексі жобасына біріккен ұсыныстарды әзірледі.

Құжатқа бизнесмендер этикасының базалық қағидалары енген. Осы Кодексті бұзу бойынша шағымдарды қарастыру арнайы құрылған этика бойынша кеңес («Атамекен» Төралқасы және Өңірлік кеңестері жанынан құрылады) жұмысы аясында жүзеге асады деп болжануда. Кеңес құрамына мінсіз абыройы бар анағұрлым беделді кәсіпкерлер кіреді.

Кодекс шарттарын орындау кәсіпкер пайдасына жұмыс істейды, ал бұзу бизнеске кері әсер ететін абыройлық тәуекелдерге әкеп соғады.

Қазақстан кәсіпкерлерінің этика және іскерлік әдебінің кодексі 2018 жылы 21 маусым күні өтетін «Атамекен» ҚР ҰКП Съезі барысында бекітіледі. Кодекс жобасына қатысты өз ұсыныстарын кәсіпкерлер мына электронды мекенжайға жолдау алады: e.imanalin@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер