«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарапайым мәселе үш ай бойы шешілмей келген

2018 жылғы 21 Мамыр
- Ақмола облысы
4752 просмотров

Мемлекеттік орган үш ай қатыран кәсіпкердің мәселесі бойынша шешімді шығармай созып келген. Бұл мәселе іске Өңірлік кәсіпкерлер палатасы араласқаннан кейін шешілген. Палата дау туған тараптарға арнап диалог алаңын ұсынды.

Ақмола облысы кәсіпкерелер палатасының Ақкөл ауданы бойынша филиалына ауылдық «Вита Профи» ЖШС-нан аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында сатып алынған аранйы техниканы тіркеу мәселесін шешу бойынша өтінім түсті. Компания ауыл шаруашылығына қажетті техника сатып алады, ол техниканы енді ауыл шаруашылығы бөліміне есепке қою керек болды. Осы стандартты процедураға сәйкес қажетті құжаттар топтамасы да дер кезінде жиналды. Алайда мемлекеттік органға барып, есепке қою өтініш белгісіз себептермен созылып кетті. Осылайша кәсіпкер өз құқығын қорғауға мәжбүр болды.

«Негізінде мәселе тым қарапайым болып шықты. Мемлекеттік орган өтінімді қарау бойынша мерзімдерді жалпы алғанда бұзды. Бұл істі ұзақмерзімге шегермей, келіссөздерді ұйымдастыруда жөн көрдік. Екі тарапты шақырып, нәтижесінде мәселе тура осы жерде шешімін тапты», – деді ӨКП Ақкөл ауданы бойынша филиалдың директоры Марат Бекмағамбетов.  

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жылдам әрі нақты әрекеті арқылы менің мәселем тез арада шешілді. Алғысымды білдіремін. Кәсіпкерлерге қол ұшын созатын ұйымның бар болуы көңіл қуантады. Барлық кәсіпкерлерге, егер белгілі бір мәселе туындаса, бірден Палата мамандарына жүгінуге кеңес беремін, мұнда нағыз жанашыр кәсіпқойлар жұмыс істейді», – деді «ВитаПрофи» ЖШС жетекшісі Айнагүл Аяғанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер