«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жыл басынан бері 1357 сервистік қызмет көрсетілді

2018 жылғы 18 Мамыр
- Жамбыл облысы
2440 просмотров

«Кәсіпкерлер үйі» билік пен бизнес арасында нәтижелі диалогтық алаңға айналды

Таразда ашылған «Кәсіпкерлер үйі» аз ғана уақытта бизнесмендердің қолқанатына айналып үлгерді. Әрине «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін толықформатты орталық бизнес жүргізуге оңтайлы жағдай туғызды. Кәсіпкер уақытын үнемдейді және кәсібінің көкжиегін кеңейтуге немесе өз ісін ашуға қажетті кеңестер мен құжаттардың топтамасын бір жерден алуға мүмкіндік алды. Бастысы қағазбастылықтан арылуға септесті.

Орлатықта Палата кеңесшілері кәсіпкерлерге 8 түрлі қызмет көрсететінін айта кетейік. Атап айтқанда, бухгалтерлік, заңгерлік, маркетингтік қызметтер, мемлекеттік сатып алу, кедендік, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, IT технологиялары саласы бойынша, өтінімдерді сүйемелдеу, кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер береді.  Жыл басынан бері, алғашқы 4 айда кәсіпкерлер Палатасының бизнес кеңесшілері «Кәсіпкерлер үйінде» 525 кеңес, ал облыс бойынша жалпы 1357 сервистік қызмет көрсетті.

Кәсіпкерлік субъектілердің басым көпшілігі бухгалтерлік қызметке жүгінген.

«Кеңес алушы адамдардың басым бөлігі бастауыш кәсіпкерлер. Қаңтар-суәр айлары аралығында өңірде 632 бухгалтерлік қызмет көрсетілді. Бизнесін жаңадан ашқан оларға  әлеуметтік салықты есептеу, жыл басында күшіне енген Салық кодексіндегі өзгертулер туралы, жеке кәсіпкерлерге қарастырылған жеңілдіктер, салықтық әкімшілендіру бойынша сұрақтармен келеді» – дейді кәсіпкерлер Палатасының есеп және салық есебі жөніндегі менеджер- кеңесшісі Айгүл Жабатаева.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлер үйінде «Жергілікті Кәсіпкерлер палатасының оқыту орталығы» орналасқан. Палатаның бизнес-бапкерлері кәсіпкерлікке ынтасы бар кез келген адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, шеберлік сыныптары мен бизнес саласында біліктілігін арттыру бойынша тренингтер өткізеді. Палата мамандарының жетекшілігімен «Бизнес мектеп» жобасы, «Бизнес Кеңесші» қысқа мерзімдік оқыту курсы, «Бизнес-Өсу», «Тәлімгерлік негізінде жобалық оқыту кезеңі» сынды кәсіпкерліктің қыр-сырына қанығуға арналған оқытулар үздіксіз өтіп тұрады.

Айта кетейік, «Кәсіпкерлер үйі» Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасы мен Жамбыл облысының әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен  жүзеге асырылды.

Аталған орталықта өңір кәсіпкерлеріне кешенді әрі мобильді түрде қызмет көрсету үшін мұнда барлық тиісті жергілікті атқарушы органдар, екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының өкілдері қызмет етеді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер