«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің 10,5 млрд теңгеге жуық сомада мүліктік құқығы қорғалды

2018 жылғы 17 Мамыр
- Астана қаласы
4575 просмотров

Бұл туралы Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің көшпелі отырысында Кеңес төрағасы Ирак Еллекеев баяндады

Төраға атап өткендей, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының жанынан Кеңес құрылғалы бері 1200-ге жуық өтінім түскен, оларды қарау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің шамамен 10,5 млрд теңге сомасында құқығы қорғалды.

«Бұл сан Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы Елорда бизнесінің құқығын қаншалықты тиімді қорғағанын айқындайды. Әр санның артында кәсіпкердің табысы, мүлкі мен алынып тасталған айыппұлы, сақталған жұмыс орны тұр», – деді Ирак Елекеев.

Жалпы алғанда Кеңестің 30 отырысында бизнесте жиі орын алатын 57 түйткілді мәселе қаралып, оның басым көпшілігі оң шешімін тапты.

«Жергілікті деңгейде шешілген мәселелердің қатарында «Көше саудасына арналған 1000 орын» бағдарламасы, мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарды дамыту, такси саласын атауға болады. «Көше саудасына арналған 1000 сауда орны» бағдарламасы Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының қала көшелерінде сауда орындарын арттыру және оларды бөлуде жаңа механизмді пайдалану бастамасын әкімдік тарапы қолдағаннан кейін жүзеге асыру мүмкін болды», – деп атап өтті спикер.

Палата бұл бастаманы саудамен айналысатын кәсіпкерлер тарапынан түскен көптеген өтінімнен кейін, сондай-ақ сауда қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілерге талдау жүргізген соң көтерген. Нәтижесінде елорда әкімдігі 1000 сауда орнына келісім берді.

2016 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің қолдауымен ресми такси қызметінің түйткілді мәселелері көтерілді.

«Әкімдіктің қолдауымен өткізілген жұмыс нәтижесіне BUSLINE жолағымен такси автокөліктерінің жүруіне рұқсат берілген, таксидың сыртқы келбетін бекітіліп, әуежай мен темір жол вокзалдарының аумағынан орын берілді, бірыңғай CALLCenter құру, таксоматорлы компаниялардың бірыңғай ASTANA TAXI брендіне бірігу, жүргізушілердің формасы дайындау, адамдар көп жиналатын орында арнайы тұрақтар ашу жүзеге асырылды. Мұндай мысалдар өте көп», – деді Ирак Елекеев.

Мұнымен қоса, былтыр «Атамекен» ҚР ҰКП ҚР Жоғарғы Сотымен 2018 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді, ҚР Бас прокуратурасымен Жол картасы жасалса, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыруды Жол картасына қол қойылды.

Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша Этика жөніндегі кеңестің төрағасы –Департамент басшысы, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшесі Төлеген Қаскин Агенттікпен жасалған Жол картасы аясында кәсіпкерлердің мүддесін қозғайтын мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қаупіне сырттай талдау жасалғанын атап өтті. Мемлекеттік сатып алулар, салық, құрылыс, сәулет, денсаулық сақтау, әділе департаменті секілді салаларға сараптама жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула соңғы уақытта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне кедергі келтіру 4,5 есе артқанын атап өтті. Бүгінде 36 дерек анықталған, былтырғы жылдың осы маусымында 8 жайт орын алған. 32 дерекке қатысты сот шешімі шығарылып, 37 млн теңгеден астам сомада айыппұл санкциясы шығарылған.

«Атамекен» ҰКП жасаған « Сыбайлас жемқорлық бойынша арнайы шолу» нәтижесіндегі статистика қуантарлықтай емес. 2017 жылы сауалнамаға қатысқан 8 мың кәсіпкердің 12%-дан астам сыбайлас жемқорлыққа тап болған, оның ішінде пара беру де бар. Елордада сот актілерін орындау, арнайы техниканың тіркеу және тіркеуден алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету, салмағы ауыр және ірі габаридті техниканың  қоғамдық пайдалану жолдарында қозғалуындағы көлік бақылау салаларында сыбайлас жемқорлық қаупі үлкен екенін анықталған.

«Соңғы 2 жылда Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымды тұлғалардың пара алу дерегі бар 28 қылмысты анықтаған», – деп атап өтті Шыңғыс Қабдула.

Басқосуда Кеңес мүшелері кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді. Жиынға Астана бизнесінің 50-ден астам өкілі қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер