«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жаңа жобасын дайындауға қатыса алады

2018 жылғы 17 Мамыр
5513 просмотров

Қазіргі таңда Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын Жоғарғы сотпен бірлесіп дайындауда. Оның тұжырымдамасы 2018 жылы 2 ақпанда Заң жобасы қызметі бойынша медомствоаралық комиссияның 445-отырысында  қаралып, мақұлданған.

Заң жобасы әкімшілік процедураларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі ведомстволық қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ жария құқықтық қатынас саласындағы дауларды шешу бойынша әкімшілік сот ісін жүзеге асырумен байланысты қоғамық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Кодекс бизнеске нақты не ұсына алады?

Біріншіден, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекетінен тұлғалардың (жеке және заңды) құқығы мен бостандығын сақтауды қаптамасыз ету;

Екіншіден, әкімшілік әділетте шағымдарды қарау нәтижесіне шағым түсіру, бұл сот органдарының қағида түрінде енгізген жаңа процесі;

Үшіншіден, соттың белсенді рөлі, әкімшілік процестің азаматтың процестен басты айырмашылығының бірі (сот талап арызын берушіден емес, мемлекеттік органдардан барлық қажетті құжаттарды талап ету мүмкіндігіне ие бола отырып, дәлел жинау бастамасын көтереді);

Төртіншіден, дәлелдеу салмағы әкімшілік актіні қабылдаған әкімшілік органға түсуі негізді болып саналады;

Бесіншіден, әкімшілік актімен немесе әкімшілік органның әрекетімен (әрекетсіздігімен) келтірілген нұқсанның орнын толтыру туралы азаматтың талап арыздары негізгі тергеу аясында әкімшілік сотта қаралады (бұл сотқа шағымданған тұлғалардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді).

Аталған кодексті қабылдау (оның ішінде Қазақстанда әкімшілік әділетте енгізу) мемлекеттік қызметкерлердің және/немесе мемлекеттік уәкілетті органдардың өз қызметі мен міндеттерін (заңды сақтау, басқарылатын субъектілерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, атқарушылық пен тәртіптікке аса ілтипатпен және мұқият қарау) орындауға аса жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді, бұл жалпы кәсіпкерлік қызметке оңтайлы әсер етеді.

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы кодексті дайындаудың қажеттілігін толық қолдайды, оның дайындалуына тікелей қатысады.

Егер сіздің Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасына қатысты қандайда бір ұсынысыңыз және (немесе) ескертуіңіз болса, ақпаратты a.abdullina@atameken.kz электронды адресіне жолдай аласыз.

Мақұлданған Тұжырымдама мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасымен сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Ескерту: Үкіметтің 2018 жылға арналған Заңжобалық жұмысының жоспарына сәйкес, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын Үкіметке беру мерзімі – 2018 жылдың маусымы, ал Парламентке 2018 жылдың тамызына қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер