«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда өңірдің интерактивті картасы таныстырылды

2018 жылғы 14 Мамыр
3837 просмотров

Көкшетауға жұмыс сапарымен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев келді. Партия өкілі өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесті

Іс-шара барысында Мәулен Әшімбаевқа өңірдің интерактивті картасы жобасы таныстырылды. Аталған бағдарлама, бірінші кезекте, бизнеске арналған. Бұл картаға барлық инфрақұрылымы мен толық нұсқаулығы белгіленген бос жер учаскілері, тіпті жер учаскілердің мақсатты нысанына дейін енетін болады.

«Келешекте бұл карта Көкшетауды ғана емес, облыстың барлық аудандарын да қамтитын болады. Бірінші кезекте Щучинск-Бурабай шипашай аймағына, сонымен қатар Астанаға жақын аудандарға назар аударылса дейміз. Өйткені, бұл аудандар қарқынды даму үстінде. Мұнда бос жер учаскілері көрсетіледі, және учаскілер кадастрлық нөмерімен қоса көрсетілетін болады. Деректер күнбе күн жаңартылып тұрады деп күтілуде», – деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов.

 ӨКП директорының айтуынша карта әзірлеуде басқа өңірлердің тәжірибесі ескерілген. Атап айтқанда учаскілердің нақты адресі де белгіленбек. Осы шаралар, кәсіпкерлердің пікірінше, жемқорлық қатерлерді азайтады әрі рәсімдеу уақытын қысқартады.

 «Бүгінде партия кәсіпкерлерге көмектесу мәселесін көтеруде. Бизнеске барынша жағдай жасау үшін, сіздер осы картаны пайдаланып, әр жер туралы ақпарат алу үшін, аукциондағы бағалар қандай екенін білу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Осының бәрі сіздерге ыңғайлы болмақ. Бұл партия айналысып жатқан жобалардың бірі ғана. Біз жүзеге асыратын бірқатар жобаларымыз бар. Мәселен, МЖӘ бойынша бағдарламаны атауға болады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Шара барысында партия өкілі Көкшетау қаласы бойынша құрылыстың бас жоспарын көрсетті.  Айта кетелік, тұрғын үй құрылысынан басқа бизнес нысандарын салуға да назар аударылады.

 «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары кейбір кәсіпкерлермен жекелей сұхбаттасты. Олардың бірі – Димаш Мұқанов.  Кәсіпкер Көкшетауда индустриялық шағын парк салуды жоспарлағанын айтты. Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсететін МТС салмақ. Осы кездесуді пайдаланып, кәсіпкер жер учаскесін алуға қолдау көрсетуді сұрады.

Жұмыс сапары барысында Мәулен Әшімбаев Көкшетауда жақында ашылған ІТ орталығына барды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер