«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Фотограф табысты барменге айналды

2018 жылғы 14 Мамыр
- Ақмола облысы
4552 просмотров

21 жастағы Ақкөл ауданының тұрғыны Александр Лабунский фотоға түсіруді табыс емес, ермек қылған.Ал шынайы табыс әкелетін бизнес бастамасымен ол ӨКП филиалына барды.

 «Александр Палата филиалынан жеке кәсіпкерлікті ашу, салық режимін таңдау, есептілікті тапсыру, жақсы қызметкерлерді таңдау бойынша кеңес алмақ болды. Біз кәсіпкерге тіпті еңбек шарттарын құруға көмектестік», – деді ӨКП Ақкөл бойынша филиалдың директоры Марат Бекмағамбетов.

Бастапқыда Александр қоғамдық тамақтану орталығын ашпақ болған. Алайда Кәсіпкерлерді қолдау орталығынан алған кеңес нәтижесінде Ақкөлде бар ашу дұрысырақ деген шешімге келеді. Қалашық елордадан алыс емес, экологиялық туримзге қолайлы аудан болып танылған.Сонымен қатар бар жергілікті халықтың демалатын орталығына айналады деген болжам да жоқ емес.  

 Кеңес алған кәсіпкер жеке кәсіпкерлігін тіркеп, Кәсіпкерлерді қолдау орталығымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының төртінші бағыты – «Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау» бойынша шарт жасасады.  

Александр қолайлы орынжайды жалға алады. Өз қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, «ROСKS» атты барды ашады.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы кәсіпкердің жобасын ары қарай сүйемелдеуге дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер