«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыс Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігіне арналған форум өтті

2018 жылғы 14 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
13433 просмотров

«Business Women’s Day» өңірлік бірінші форумында шығыстың 300-ден астам іскер ханымы бас қосты

«NIET.WOMAN» қоғамдық ұйымы мен «Чудесное агентство» Event-агенттігі өкілдерінің айтуынша іс-шараның басты мақсаты – бизнес жүргізуде тәжірибе мен идея алмасу. Форумға бизнеспен айналысатын қыз-келіншектер ғана емес, сондай-ақ осы салаға енді қадам басып жатқандар да қатысты.

Форум барысында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі қойылды. Қонақтар форум басталғанға дейін Шығыс Қазақстандағы фирмалардың өнімдерімен танысуға мүмкіндік алды.

Панельдік сессияда «Даму» қоры өңірлік филиалы, Еуропалық қайту құру және даму банкі, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері әйелдер бизнесін қолдаудағы жаңалықтармен бөлісті.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Марина Мун Семей мен Өскемен қалаларында жұмыс істеп тұрған Кәсіпкерлерге қызмет көсрету орталығы жайлы баяндап, кеңес беру қызметі, заңгерлік мәселелерде де жауап табу, жобаны сүйемелдеу көмегін алуға болатынын айтты. Сонымен қатар бизнесті тиімді жүргізудің жаңашылдықтарына тоқталды.

«Кәсіпкерлер палатасы сервистік қызметтен бөлек, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат береді. Аудан орталықтары мен өңірлердіе кеңесші мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар кәсіпкерлік негіздеріне қатысты семинарлар да өткіземіз. «Аға сеньорлар» атты жоба да бар. Халықаралық сарапшылар келіп, тәжірибелерімен бөліседі. Былтыр Канада сарапшылары келсе, биыл Германияның білікті мамандары болады», – деп хабарлады Марина Мун.

Сонымен қатар форум барысында контент-стратег Сардор Юлчиев, бизнес-жаттықтырушы Мадина Біләлова, нетворкинг маманы Әділет Ауғанбаев, продюсер Сәуле Самидин қызықты та танымдық тренингтерін өткізді.

Форум соңында дизайнерлердің киім үлгілері таныстырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер