«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар кәсіпкерлері энергия үнемдейтін жаяужол плитасын өндіруді қолға алмақ

2018 жылғы 14 Мамыр
- Павлодар облысы
7835 просмотров

Қарапайым цемент-бетонды плиткаға қазір ешкім таң қала қоймасы анық. Сондықтан Павлодардағы екі кәсіпкер ландшафты дизайн саласында ноу-хау енгізуді ойластырған.

«Энергия үнемдейтін жаяужол плиткасының маңызы зор, бұл «Энергия үнемдеу – 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді, электр энергиясы тұтынылмайтын, экологиялық таза өнім. Мына плитка жарықдиодтыға жатпайды, себебі энергия қажет ететін материал болып саналмайды. Күндіз қарапайым бетонды плитка сияқты болып көрінеді, ал кеш батқанда жарық шашып тұрады», – дейді Талғат Жұматаев.

Кәсіпкерің айтуынша, елімізде бұл өндірістің баламасы жоқ. Талғат Жұматаев өзінің серіктесі Қайрат Тілеуленовпен бірлесіп, ресейлік зауытпен «Луна» жарқырайтын жаужол плиткасының технологиясын қолданудың дилерлік келісімін жасады. Энергия үнемдейтін жаяужол плиткасы күні бойы жарықты сіңіріп, қараңғыда соны жарық ретінде ақ-жасыл түсте шашып тұрады.

«Тұрғындар кешкі уақытта жарық беретін жолмен серуендегенде ертегідегідей күйге енеді. Ғажайып әсерді жаяужолға арналған ірі және ұсақ плиткаларын үйлестіру арқылы күшейтуге болады, мозаика ретінде төсеп, не болмаса, шекіне тастауға болады. Бұл кешкі уақытта полимерлік ұсақ бөлшектердің жарық бөлуінен туындайды. Жарық тұрғындарды ғана емес, қала қонақтарын да таңдандырары анық. Осы өндірісті іске қоса отырып, қала сипатына шығынсыз-ақ жаңа инновациялық көрік бере аламыз», – дейді кәсіпкер.

Бастапқы кезеңде «Жұматаев» ЖК Кәсіпкерлер палатасына бизнес-идеясымен жүгінді. Мұнда менеджерлер мен кеңес беруші мамандар бизнес-жоспар құрып, жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде сүйемелдеді. «Бизнес-Мектеп» курсынан білім алған кәсіпкер грантты қаржыландыруға үміткер ретінде қатысқан. Нәтижесінде жобаны жүзеге асырудың жеңімпазы атанды.

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, мұндай плитканың қасиеті 200 жылға дейін сақталады. Адамға қауіпсіз, уландырмайды, құрамында фосфор жоқ. Табиғи және сыртқы факторларға төзімді.

«Құрылыс материалдарын өндіруде тәжірибеміз бар. Қабырға блоктарын, құм блоктары мен шлакблоктарын шығардық. Сонымен қатар құрылыс материалдарын сатуды да білеміз. Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру үшін өз меншігімізде орынжай мен техникалық қажеттіліктер бар. Бұл салада басқа өндірушілер жоқ, сондықтан бүкіл елді қамтуға ниеттіміз, өткізу нарығын жолға қоюымыз керек. Қаражат жабдық пен шикізат алу үшін қажет», – дейді Талғат Жұматаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер