«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы Қазақстан бизнесінің өкілдерімен кездеседі

2018 жылғы 14 Мамыр
3515 просмотров

21 мамырда Қазақстан бизнес-қоғамдастығының өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясымен жүздеседі. Бұл басқосу Еуразиялық экономикалық комиссия экономика және қаржы саясаты алқасының мүшесі Тимур Жақсылықовтың жетекшілігімен  өтпек.

Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік палаталарымен бейне-байланыс форматында ұйымдастырылады. Кездесуге ҚР министрліктері мен мекемелері, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысады.

Күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одақтың қызметіндегі маңызды мәселелерді кәсіпкерлермен бірлесе қарау, ЕАЭО-да реттеу ортасы мен инвестициялық климатты жақсарту мәселелері шығарылады.

Кездесу барысында Комиссия мен бизнес-қоғамдастық өкілдері Ұлттық палатаға кәсіпкерлік субъектілері тарапынан берілген өтінімдерде Еуразиялық экономикалық комиссиясы көрсетілген әрі осы күнге дейін маңызын жоймаған мәселелерін талқылайды, сонымен қатар Қазақстан кәсіпкерлерінің жаңа ұсыныстарын қарастырады.

Іс-шараға қатысу үшін 2018 жылдың 18 мамыры, сағат 15-00-ге дейін тіркелу керек.

Өтетін күні мен орны: 21 мамыр, 2018 жыл, сағат: 11-00, Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 8Б, «Зүбәржат орамы» БО, «Түркістан» мәжіліс залы, 26-қабат.

«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер