«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті тексеруге жарияланған мораторий күшіне енді

2014 жылғы 02 Сәуір
3957 просмотров

Қазақстанда шағын және орта бизнесті тексеруге енгізілген мораторий бүгін, 2 сәуірде күшіне енді және 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін созылады деп хабарлайды Tengrinews.kz

27 ақпанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жарлық шығарып, шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге арналған тексеруге мораторий жариялаған болатын. Бұған қоса, тексерулер жүргізу форматы түбегейлі қайта қаралатын болады, бұлкәсіпкерлерге қойылатын талаптар санын 30%-дан артыққа қысқартуға мүмкіндік береді. Ол үшін Үкіметке тексеру жүргізудің барлық регламентін қайта қарау қажет. Елбасы тексерулерге балама ретінде үшінші жақ алдындағы ерікті сақтандыруды заңмен бекіту қажеттігін де айтқан болатын. Оның айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елдегі тексерулердің үштен бірі тиесілі болып отырған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жабу рәсімдері оңайлатылады.

Президент Бас прокуратура Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына бизнеске қатысты тексерулер туралы ақпарат ұсынып отыратынын айтты. Бұл тексеруші органдар жұмысының тазалығын арттыруға және қоғамдық мониторингтің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Рұқсат беруді автоматтандыру аяқталып, оның 140-тан кем емес түрі электронды форматқа көшеді. Бұған қоса, құрылыс саласында реттеу рәсімдері жеңілдетілуі тиіс.

Сонымен бірге, Қазақстанда бизнес-омбудсмендердің пайда болатыны хабарланды. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының өкілдері бизнес-омбудсмен қызметін атқаратын мамандардың жас мөлшері 30-дан төмен болмауы керектігін айтты. "Олардың заңдық біліктілігінің жоғары болғаны абзал. Омбудсменнің көмегімен мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам арасында конструктивті диалог орнату маңызды болмақ. Кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында олардың құқықтарын жан-жақты қорғау үшін бұл қызмет түрін жетілдіру керек", - деген болатын палата өкілдері.

Үкіметтің рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдағаны және оның жуырда Парламентке ұсынылатыны да хабарланған болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер