«Бастау» – армандар орындалады
Жұмыссыз адам бизнесмен бола ала ма? Иә, әбден мүмкін! «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке кофехана, ТЖО, фермерлік қожалықты ашу мүмкін екенін екі жыл қатарынан тиімді жоба, нақты мысалдармен дәлелдеп келеді.
2017 жылы «Атамекен» бірегей жоба – «Бастауды» іске қосады. Бұл жоба 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобаның басты ерекшелігі – кез келген жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат кәсіпкерлік негіздерін менгеріп, жеке кәсіп ашуға жеңілдетілген несие ала алады. Бизнес саласы жаңа жұмыс орындарын ашып, мемлекет қазынасын толтырады.
2018 жылы «Бастаудың» ауқымы еке есе артты: алғашқы тоқсан бойы жобалық команда жұмыс бастауға дайындалды. Былтыр біліктілігін танытқан бизнес-тренерелер легіне тағы 100 тренер қосылды. Осы ретте әр бизнес-тренер «Атамекен» қанаты астында семинарлар мен жеке жаттығуларда үнемі біліктілігін арттырып отыр.
Сәуір айында «Бастау» 160 ауданда өз жұмысын бастады. Оқу парталарына 7 343 адам отырды. Ары қарай қатысушыларға моно қалалар мен облыс орталықтарындағы тұрғындар қосылады. Осы жылдың тағы бір жаңашылдығы – Тыңдаушыларға анағұрлым терең білім беріледі. Мәселен, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы бизнес ерекшеліктеріне білікті мамандар оқытады. Ал жоба ұзақтығы өзгерген жоқ – 30 күндік оқыту бағдарламасы 12 модульден тұрады.
Арманға апарар жол
Бірнеше жыл бойы жоғары оқу орны немесе колледже оқып шыққан жандар таңдаған мамандықтарына көңілі толмай жатады. Көп адам жұмыстарын тастап, жаңа бастамаларды қолға алуда. Тағы бір топ адам еңбекақыға жұмыс істеуден шаршап, жеке кәсіп бастауға бел буған. Бұлардың барлығы «Бастаудың» қатысушылары.
21 жасар Татьяна Горбач – қостанайлық фитнес-тренер. Ал бойжеткеннің негізгі мамандығы – дәнді дақылдар технологы. Татьяна бұл мамандықты өзі таңдайды, өйткені туған өлкесі Қостанайда мұндай мамандық сұраныста. Алайда технолог болып жұмыс істеу бұйырмады.
«Бүгінде жұмыс берушілер жұмыс өтілін сұрайды. Ал мен ол өтілді қайдан алам, кеше ғана оқу орнын бітіріп шықсам? Мен жан қалауыма жақын жұмыс таптым, бірақ 50 жасымда өзімді спорт жаттықтырушысы ретінде елестете алмаймын. Өзіме сенгім келеді, басымда түрлі идеялар бар, соларды іске асырсам деймін. Аялдамада «Бастау» туралы хабарламаны көргенімде, ойланбастан қатысуға өтінім бердім. Өкінгенім жоқ. Мұнда өте қызықты!», – деді Татьяна.
Оқу барысына қарай Татьяның идеялары трансформацияға ұшырап жатыр – бірі нақтылыққа қарай ұмтылып, кейбірі тіпті ұмытылды. Бойжеткен осы идеяның біреуі ғана мәреге жетіп, өмірін өзгертетініне кәміл сенеді. Ал Алматы облысы Теректі ауылының тұрғыны Әлия Кенжесариева «Бастаудан» алған білімін қайда бағыттайтынын нақты біледі. Келіншек бизнес психологиясына қызығады.
«Бұл менің кәсіпкерліктегі алғашқы тәжірибем болмақ. Сондықтан бизнес-жоспар құруды және маркетингті менгергім келеді. Ауылым мал шаруашылығын бастауға қолайлы. Сондықтан шағын ферманы ашуды қолға алмақпын. Жұмыспен 3-4 адам қамтылады деген жоспар да бар», – деді тыңдаушы.
Жоба қатысушыларының айтуынша, «Бастау» жеке бизнес ашуда нақты мүмкіндік. Олар кәсіпкерлік негіздері курсына қатысуға шақырады.
Курстан кейін идеялар толастамайды
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен тренерлер бағдарлама аяқталған соң түлектер жайында ұмытпайды әрі олардың әр жеткістігіне қуанады. Жеке кәсіп бастаудың табысты үлгілерін бүкіл Қазақстан бойынша мысалға алуға болады. Бизнесін сәтті бастағандардың бірі – Ертіс ауданының тұрғыны Аманжол Алтыбаев. Бастауыш кәсіпкер жастайынан металдан бұйымдар жасап, осы кәсіпті өмірімен байланстыруды армандап келген.
Аманжолдың алғашқы бұйымдары қарапайым болатын, өйткені олар қол құралдары көмегімен жасалатын. Кәсіби жабдық алуға мүмкіндік болған жоқ. 2017 жылы кәсіпкер газет беттерінен «Бастау» бағдарламасы жайында естіп, қатысады. Бүгінде «Арман» жеке кәсіпкерлігінде әке мен бала жұмыс істейді, мұнда қақпалар, есіктер, темір әшекейлер мен басқа да заттар жасалады. Өнім жақсы сұраныста.
«Мен арманымды орындап, сүйікті ісіммен айналысып жатырмын. Ары қарай фрезерлі білдекті алып, кәсіпті кеңейтпекпін», – деді Аманжол Алтынбаев.
«Бастау» бизнес бастауда отбасыларға ғана көмек көрсетіп жатқан жоқ. Қос дос Александр Туракевич пен Олег Микеда аған өңдеу цехын ашуды көптен бері армандайды. Александр терезе жақтаулары, есік, жиһаз және басқа ағаш бұйымдарын жасау бойынша жеке тапсырыстарды қабылдап жүр. Ал Олег дайын өнімді сатумен айналысқан. Оқудан өткен соң екі дос жеке кәсіпті ашуға бел буады.
«Бастау» жобасы арқылы мен 2 730 000 теңге көлемінде 6 пайыздық жеңілдетілген несие алдым. Осы қаражатқа өндіріске қажетті білдектерді сатып алдым. Тренерлердің кеңесі арқасында толыққанды бизнес ашуға қол жетті, біз бірігіп бизнес-жоспарды әзірледік. Биылдан бастап жоба республиканың барлық аудандарында өтетіні қуанышты жағдай. Жоба беретін білім ауыл тұрғындарына керек», – деді Туракевич.
Бизнесмендер қол жеткен жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Олар бизнестерін қала шеңберінен асыра алды. Кәсіпкерлер өнім сапасын үнемі жоғарылатып келеді.
«Бүгінде нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін сапа туралы ұмытпау керек. Біз бұл тұрғыда тырысып жатырмыз. Шикізат пен материал Ресейден алынады. Тапсырыс бойынша жұмыс істейміз, ағаштан терезе, есік, қақпа дайындаймыз», – деді Олег Микеда.
Шағын несеиелр көп болады!
Былтыр «Бастау» бойынша 3 мың адам жеке кәсібін ашып немесе бизнесін кеңейте алды. Тағы 8 мыңнан аса адам бизнес-жоспарларын сәтті қорғады. Тәжірибе көрсеткендей, жеке кәсіп бастағысы келетін ынталы азаматтар көп, ал бюджеттен бөлінген қаражат аз болып қалды.
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен шағын несиелеуге екі есе көп қаражат бөлінді. Бұл Президенттің бес әлеуметтік бастамаларының бірі.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы азаматтарды тегін оқыту арқылы пайдалы жұмыс атқаруда. Осыған дейін кәсіпкерлікке көп адам оқыды. Сонда олардың әрқайсысы күнделікті газет оқып, барлық заңдар мен ережелерді жатқа біліп отыр деп ойлайсыздар ма? Бұл олай емес! «Атамекен» игі істі бастап отыр. Олар сенімді жұмыс істей алатын адамдарды дайындай алды. Бірақ, оған бастапқы капитал керек. Шағын несиелеуді бірінші кезекте осы кісілер алады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамбелясының XXVI сессиясы барысында.
Биыл «Атамекен» «Бастау» жобасы бойынша 30 мың адамды оқытпақ. Түпкі мақсат – еліміз бойынша 6 мыңдай жаңа бизнес-жобаны қолға алу. Әр жоба – бұл пайда көзі мен жаңа жұмыс орындары ғана емес. Көп қатысушы үшін бұл өмірдің өзі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: