Юлия Якупбаева: «Бизнеске арналған каржыландырудың барлық тетіктерінің жұмыс істегені маңызды»
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшысы банк секторының келешегі туралы Сенат депутаттарына хабарлады
Бүгін ҚР Парламенті Сенатында Қазақстан экономикасы дамуында банк секторының рөліне арналған тыңдалым өтті. Тыңдалымға Сенат депутаттары, Ұлттық Банк басшылығы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері, нарық қатысушылары – банктер мен инфрақұрылымдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Қаржы нарығы қатысушыларының ұстанымы жайында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы төрағасының міндетін атқарушы Юлия Якупбаева айтып берді. Спикердің баяндамасында отандық банк секторының экономика дамуындағы рөлі қозғалды.
Экономика мен несиелеу қалпына келуде
«Осыдан бірнеше жыл бұрын экономикалық жағдай айтарлықтай нашар болған. 2015 жылы курстың өзгеруі мен өзге де орын алған жағымсыз факторлар экономикалық белсенділікке теріс әсер етті», – деген пікір жиын барысында спикерлермен бірнеше рет айтылды.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының айтуынша, бүгінде елімізде несиелеу жүйесі қалпына келуде. Иа, мәселелері жиналған ескі портфель азаюда, ал 2017 жылы берілген несие көлемі 10%-ға артқан. 2015 жылмен салыстырғанда комек қарыз көлемі 15,2%-ға өсті. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 1,7 трлн теңге көлемінде несие берілген. Негізгі өсімді мемлекет қолдау көрсетіп жатқан – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салаларына берілген несиелер көрсетуде.
«Осы ретте несиелеу деңгейі әлі де төмен екенін айта кеткен жөн. Несие портфелінің ЖІӨ-ге қатынасы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең төмен деңгейге түсіп, 2017 жылы 28%-ды құрады, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 69%-ға тең болған. Бұған жалпы экономикалық жағдай, теңгеде ұзақмерзімді қаржы ресурстарының жоқтығы, жоғары ставкалар әсер етуде.
Қазіргі таңда қорландыру базасы әлі қысқа мерзімді екенін ескере отырып, тұтынушылық несиелеу айтарлықтай өскен. Компанияның айналым қаражатын толтыруға несиелер белсенді берілуде. Бұл бағытта екінші деңгейлі банктер, өкінішке қарай, кәсіпкерлерге қажетті қаржыландыруды толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Бұған қоса бизнесмендер, әсіресе кәсіпті енді бастаған азаматтар банк талаптарына сай келмей жатады. Банк тарапынан кәсіпкерлерге деген талаптар банк қызметін реттеуді күшейту саладрынан артып келеді.
Тәуекелге негізделген қадағалау, халықаралық қаржы есептілік стандарттары бойынша провизияларды қалыптастыру принциптері құралдары іске асып, базельдік қатаң талаптар енгізілуде. Банктер салымшылар алдында өз жауапкершілігін арттыруда, және сәйкесінше қарыз алушылар, кепілзаттар мен тәуекелдерді бағалауға да талаптар қатаң. Осы шаралардың шоғыры әлеуетті қарыз алушылар санын азайтуы мүмкін.
Қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру керек
ҚР Үкіметі және Ұлттық Банкпен бірлесіп, бизнес үшін қолжетімді ставкалар бойынша қаржыландыру базасын ұзарту механизмі әзірленіп жатқанын Юлия Якупбаева хабарлады. Бұл жұмысты жеделдету маңызды.
«Мемлекеттің қолдауынсыз бизнеске арналған несиелеудің ставкалары әлі де жоғары. Осыған байланысты «Бизнестің жол каратсы-2020» бағдарламасы бойынша айқындық енгізу өте маңызды. Өңірдегі кәсіпкерлер қаржы көздерінің тек бұрын қабылданған міндеттемелерге ғана жететінін, ал жаңа жобаларға ақша жетіспейтінін айтуда», – деді Юлия Якупбаева.
Сонымен қатар «Атамекен» бастамасымен Үкіметпен бірлесіп, бәсекеге қаблеттілікті арттырудың кешенді Бағдарламасы талқыланып жатыр, бұл бағдарлама аясында тұрақты сұранысқа ие импорт алмастыруға бағытталған өңдеу өнеркәсібінің 9 басым секторын қамту ұсынылады. Олар тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, жиһаз, химия, фармация өнеркәсібі, машина жасау мен құрылыс материалдары.
«Мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қолдана отырып, бизнес өз міндетіне өндірісті жаңарту, оқшаулау, цифрландыруды алатын болады. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін оны қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз ету керек», – деді Юлия Якупбаева.
Кәсіпкерлікті қаржыландырудан басқа тұрғындарға несие бөлу өзекті болып отыр. Мемлекет басшысы бастамасымен енгізіліп жатқан «7/20/25» қолжетімді ипотека бағдарламасы секьюриттеу механизмін пайдаланады.
«Ипотекалық несиелеуді сатып алудан гөрі, секьюриттеудің мүмкіндігі анағұрлым кең. «7/20/25» тұрғын үй несиелеу бағдарламасы шағын және орта бизнес, сондай-ақ, бөлшек сауданың банк портфельдерін секьюриттеу арқылы ұзақмерзімді қаржыландыруда тұрақты механизмін құрудың пилоттық жобасы бола алады», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.
Технологиялар – банк дамуындағы жаңа тетік
Юлия Якупбаева берген мәліметтерге сәйкес қолма-қол ақшасыз жасалған карточкалық төлемдер саны 2,2 есе артып, 411 млрд теңгеге өскен. Карточкамен төлеудің жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі, алайда өңірлерде де жақсы әлеует байқалады.
«Банктер тарапынан жаңа қызмет түрлерін ұсынуда қызығушылық өсіп келеді: бейілділік бағдарламасы кеңейтіліп, онлайн-қызмет көрсету мен смартфондарды қолдану мүмкіндігі артуда. Банктер төлем карталарын пайдалануда бонустар мен кэшбекті ұсыну арқылы клиенттерді құлшындырады. Нарық үшін мүлде жаңа қызмет түрі пайда болды, ол – сауда нүктелерінде QR-код немесе мобильді қосымша арқылы төлем жасау» – деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшысы.
Юлия Якупбаеваның айтуынша, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің тапсырмасы бойынша Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының ұсынастары 2018-2020 жылдарға арналған ҚР қаржы секторын цифрландырудың кешенді жоспарының жобасы аясында әзірленуде.
«Клиенттер жайында ақпаратты қашықтықтан сәйкестендіру, биаметрияны пайдалану, қауіпсіздік пен мемлекеттік деректер базасына қолжетімділік мәселелері. Осы мәселер шешілсе, елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдер дамиды, несиелеуді арттыруда қуатты серпін болады, қызмет көрсетуде жылдамдық пен қолжемтімділікті өсіреді және алаяқтық пен шығындар салдары азаяды», – деді Юлия Якупбаева.
Қор нарығы экономика өсуіне көмектеседі
«Экономиканы қаржыландыру банктермен ғана жүзеге аспауы керек. Сондықтан қор нарығын дамытуды жалғастыру жөн. Осылайша секьюриттеу, қаржы жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мәселелерін шешіп, инвесторлық базаны қалыптастыруға болады», – деп мәлімдеді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшысы.
Сөз соңында Юлия Якупбаева трансшекаралық бәсекелестіктің артуы жағдайында талаптарды күшейтуді емес, дамытуды ынталандыру қажет екенін атап өтті. Өнеркәсіп саясатының тиімді алгоритмін әзірлеу керек.
Ұзақмерзімді инвестициялық несиелеуді өсіру үшін тұрақты ұзақмерзімді қаржыландырудың базасын қалыптастыру маңызды. Оған секьюриттеу мен валюталық тәуекелдерін сақтандыру механизмдерін енгізу жөн.
«Экономикаға инвестициялар тарту тетіктерін тек банктік несиелеу арқылы шектеудің қажеті жоқ. Бизнестің түрлі категорияларына арналған қор нарығы мен тікелей инвестициялар қорынан бастап шағын несиелеуге дейін каржыландырудың барлық каналдарының жұмыс істегені маңызды», – деп қорытындылады спикер.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: