«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастаудан» тарайтан кәсіпкерлік

2018 жылғы 03 Мамыр
- Павлодар облысы
8271 просмотров

Ертіс ауданының 207 тұрғыны былтыр «Бастау»жобасы арқылы білім алды

Бұл жоба өзін өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және кәсіпкерлікті енді қолға алған азаматтарға арналған. Бір айға созылатын оқу курсы аяқталғанда тыңдаушы бизнес-жоспар дайындап, қандай да бір бизнес-идеяны жүзеге асыруға қабілетті екенін дәлелдейді. Ертіс ауданында білім алған 207 азаматтың 22 тұрғыны бизнес ашуға және кәсібін ұлғайтуға жалпы сомасы 77,1 млн теңге қаржы алды.

Мысалы бұқаралық ақпарат құралдарынан 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту дағдарламасы туралы білген Владимир Вилавский Ертіс аудандық Жұмыспен қамту орталығынан толық ақпарат алып, «Бастау» жобасына қатысуға шешім қабылдаған.

Владимир Вилавский жобаға дайын идеямен келген. Оқу аяқталған соң халыққа қызмет көрсету бағытындағы бизнес-жобасын сәтті қорғады. Атап айтқанда оның жобасы шөп жинау және тасып беру, қоқыс шығару, жер жыртуға раналған.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Бастау» қатысушысына тайлағыш-жиағыш орамы бар МТЗ-80 тракторын сатып алуға 6,550 млн теңге несие берді. Бұл жоба арқылы 2 жұмыс орны ашылады.

«Мемлекеттік бағдарламаға қатыса отырып, жеке бизнесімді ашуға мүмкіндік алдым. «Бастау» жобасы жеке кәсіппен айналысуға, бизнесті ұлғайтуға, тұрақты табыс тауып, жұмыспен қамтуға септігін тигізеді», - дейді кәсіпкер.

«Бастау» жобасы 2017 жылдан бері республикалық деңгейде жүзеге асырылып келеді. Павлодар облысының 5 ауданында оқытылды. Биыл облыстағы барлық аудан қамтылып, сәуір айында алғашқы лек басталды. Сонымен қатар Екібастұз, Ақсу моноқалалары мен Павлодар қаласында да оқытылады. Жыл соңына дейін 6 лек оқытылады. Онда облыстың 1765 тыңдаушысына білім беріледі деп жоспарланған.

«Ертіс ауданының 100 тұрғынын оқыту жоспарда бар. Бүгінде 39 адам білім алуды бастады. Ауыл тұрғындары мал шаруашылығы, қызмет көсрету салаларына қатысты ұсыныс білдіріп жатады. Сонымен қатар ұсталық өнер, жиһаз дайындау, сүтті қайта өңдейтін шағын цех ашу, ұлттық киім тігу секілді жобалар да бар», ­- дейді Кәсіпкерлер палатасы Ертіс аудандық филиалының директоры Талапкер Қасымов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер