«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай кәсіпкерлері газға алдын ала төлеуге қарсы шықты

2018 жылғы 02 Мамыр
- Қостанай облысы
5215 просмотров

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалының талаптарымен келіспеген бизнес өкілдерінен Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасына шағым түскен. Кәсіпкерлер келісімшартта көрсетілген 100% алдын ала төлеу және ұтылған пайданы 10% мөлшерінде аудару талабымен келіспейді.

Бұл мәселе Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте көтерілді.

«Қостанай облысының аумағында газ жеткізетін басқа компанияның жоқтығын ескере отырып, өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ шарттарымен сатып алуға мәжбүр. «Дормаш» ЖШС берген материалдардан «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы толықтай алдын ала төлем жүргізбеген жағдайда өсімпұл салынатынын көруге болады», ­- дейді Палата сарапшысы Марат Әбішев.

Мұндай шағым Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасына 2014 жылдан бері түсіп отыр. Осыған орай, Қостанай облысы прокуратурасы, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және кәсіпкерлердің құқығын қорғау комитетінің облыстық департаментінің атына хат жолданды, алайда келісімшартқа өзгеріс енгізілмеген.

«Барлық келісімшартта 100% алдын ала төлем көрсетілген, - дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай филиалы заң бөлімінің басшысы Оксана Марар. – Барлық тұтынушыға тең жағдай жасауымыз керек. Алдын ала төлемге келісетін кәсіпкерлер бар. Біріне басқа талап қойып, екіншісі басқаша шарт жасайтын болсақ, онда айыппұл салуға жол береді. Атап өтейін, алдын ала төлем жүргізбегенге ешқандай санкция қолданылмайды».

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және кәсіпкерлердің құқығын қорғау комитеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ келісімшартынан ұтылған пайданы алып тастау туралы ұйғарым шығарды. Қазіргі таңда монополист сотқа шаығмданған.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ та Кәсіпкерлер палатасының мүшесі, сондықтан келісімге келу керек», – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.

Қызу талқылаудан кейін Кеңес мүшелері монополистің де, тұтынушылардың да мүддесі ескерілетін типтік келісімшарт дайындау ұсынысын шығарды. Мұндай шешім қабылданатын болса, келісімшарт Палата алаңында барлық қатысушылармен бірге талқыланатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер