«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Рустам Жүрсінов тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде: ұйымдар бірігу қажет

2018 жылғы 02 Мамыр
4474 просмотров

«Атамекен» тұтынушылардың құқығын қорғауды дамыту бойынша ұсыныстар айтты

Бүгін, 2 мамыр ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төралқалығымен ҚР Үкімет отырысында тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері талқыға салынды.

Прокуратура органдарына биылғы жылы құқық қорғау саласындағы тұтынушылардың жалпы 1 079 өтініші түсті. Өтініштер арасында тарифтердің жоғарылауы, медициналық, туристтік және әлеуметтік қызметтердің сапасы сынды мәселелердің өзектілігі байқалады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Үкімет әкімшілік қысымды төмендету және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту үшін теңдесі жоқ шаралар қолданып жатқандығын айтты.

«Бастамалардың барлығын бизнес қолдайды, алайда, біздің ойымызша ваакум орнамауы тиіс», – деді Рустам Жүрсінов.

«Атамекен» ҚР ҰКП өнім, қызмет және жұмыстың сапасы мен қауіпсіздігін қолдауды қоғамдық бақылау арқылы жүргізуге шақырып, өзін-өзі реттеуді дамыту қажеттігін айтты. Қазіргі күні республика бойынша ресми тұтынушылардың құқығын қорғайтын 172 ұйым болғанымен, шын мәнінде 55 ғана жұмыс жасайды. Орын алған жағдайға байланысты «Атамекен» мәселенің шешу жолдары бойынша ұсыныстар әзірледі.

«Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша қоғамның инстуционалдық негізін күшейту қажет. Ол үшін ұйымдар бір тудың астына бірігуі тиіс. Бізге, бизнес ретінде тек орталықтарда ғана емес, өңірлерде де күші бар орнықты әрі салмақты оппонент керек», ­­­­­­», – деді Рустам Жүрсінов.

Спикердің айтуынша жүктелме сақтандыру енгізу қажетті туындады. Мұндай сақтандыру жүйесі арқылы заң орнықтыратын талаптар минималды, ал қалған талаптарды тараптардың келісімі арқылы анықтайды.

«Қызметтердің сапа талаптары қайда деген сұрақ туындайды? Осы сынды ұлттық салалық стандарттар сапасыз қызмет көрсетудің шығындарын азайтатындығы белгілі және нәтижесінде тұтынушылар тарапынан шағым саны азайды», – деді Рустам Жүрсінов.

Ұлттық палата рейтингтердің ұлттық жүйесін адал бәсекелестік және жарыс арқылы енгізуді ұсынды. «Атамекен» әдіснаманы әзірлеуге дайын. Рейтингтерді жүргізуді Рустам Жүрсінов тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдарының қатысуымен рейтинг агенттіктеріне тапсыруды ұсынды. Тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасын жетілдіру мақсатымен азаматтар мен қоғамның нақты әрекет ету алгоритмін анықтау ұсынылды. Осы арқылы АҚШ пен Еуропа сынды ұжымдық талаптар институтын дамытуға қол жеткізуге болады.

Қазіргі таңда ҰКП қолма қол режимде лифтке қызмет көрсету және өрт қауіпсіздік аудиті салаларында өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.Астана әкімдігімен бірлесе аталмыш салалардағы мәселелерді шешу бойынша «Жол картасы» әзірленуде. Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлік қызметте өзін-өзі реттеуді енгізуде бірқатар жүйелі мәселелерге тап болды. Сол себепті  ҚР Ұлттық экономика министрлігіне аталмыш мәселе бойынша тапсырмалар беру ұсынылды.

Қорытындылай Рустам Жүрсінов ҚР Инвестиция және коммуникация министрлігімен бірлесе сапа көрсеткішінің жоғарылауына әсер ететін «Бақылау сатып алулары», «Бақылаушы»  бағдарламаларын қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырыс мәселесін шешуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер