«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атыраудағы жолаушы тасымалының жағдайы қалай?

2018 жылғы 28 Сәуір
- Атырау облысы
7775 просмотров

Жергілікті биліктің қолдауынсыз жолаушы тасымалында келешек жоқ

Бұл туралы «АйсТрансХолдинг» ЖШС құрылтайшысы Абзал Дүйсенбеков Атырау облысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жиынында мәлімдеді. Айта кетелік, аталған компания үлесіне Атырау қаласы бойынша жолаушы тасымалдардың 90%-ы тиесілі. Абзал Дүйсенбаевтың айтуынша жолаушы тасымалдарын қалыпты режимде жүргізу үшін жергілікті әкімдік тасымалдаушылар өтініштеріне назар аударуы тиіс.

«Кезінде өзіміз несие алып, соған 70 жаңа автобус алғанбыз, оларды әлі де пайдаланып келеміз. Алайда уақыт өте келе көлікті жаңарту керек, ал оған қаражатымыз жеткіліксіз. Негізгі мәселе әлеуметтік осал жолауышларға кеткен шығындарды өтеуде жатыр. Негізгі шығындар 7 жастан жоғары орта мектеп оқушыларына жасалатын жеңілдіктер. Осы балалар категориясын тегін тасымалдау туралы шарт талабы өтемақы төлеуге келгенде толастамайтын дауға айналды. Жергілікті биліктің осы ұстанымы барда тасымалдау болашақ жоқ. Жаңа автобустарға инвестиция жасау тиімсіз. Маған жобаны мүлдем жауып тастаған артық, алайда мен туған қаламның патриотымын, әрі жерлестерім алдында жауапкершілікті сезінемін. Мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы негізінде жұмысты жалғастыруға, бизнестегі үлесімнің бір бөлігін беруге дайынмын. Алайда мәселені шешу керек», – деп күйінді кәсіпкер.

 

Атырау облысы Қазақстан кәсіпкерлері құқығын қорғау бойынша уәкілетті Сәрсенбай Жолдыбаевтың айтуынша, өтінім түскен соң Атырау облысы ӨКП өкілдері арнайы хатты Атырау әкімдігіне жіберген. Содан кейін әкім орынбасарынан «..жолаушы тасымалдаушыларына қарастырылған субсидиялар мен өтемақы жолаушылар тасымалына электронды төлем жүйесін енгізілгеннен кейін беріледі деп жсопарланған..» деген жауап келді.  

«Бюджеттен өтемақыны алу үшін шығындарды сауатты негіздеу қажет. Ал қазіргі таңда, өкінішке қарай жолаушылардың есебі жүргізілмейді. Қауымдастықтың позициясы дәлелденсе, біз оларды қолдауға дайынбыз», – деді Өңірлік кеңес мүшесі, облыс маслихатының директоры Ермекқали Юсупов.

 Өз кезегінде жолаушы тасымалдаушылар автобустарда электронды төлем жүйесін енгізуге дайын екендерін жеткізді. Бірақ бір талаптары бар.

 «Біз енгіземіз, бірақ әкімдік үлесі болуы шарт. Әкімдік бізге сатылған билеттер есебінен түскен төлемдерден шығындар өтемақысын қайтарады. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында осындай жоба жүзеге асып жатыр», – деді «Авто-мобиль» жеке кәсіпкерлігінің директоры Мақсат Сүйінов.

 «Неге жоғары оқу орындары студенттеріне жол жүру ақысына жеке шоттарына қаражат бөлінбейді, ал мектеп оқушылары үшін жергілікті бюджетте ақша жоқ?, – деді «Атырау қаласы жолауышлар тасымалы қауымдастығының басқарма төрағасы» Жасұлан Бисенов.

 

Тасымалдаушылардың пікірін Атырау облысы ӨКП Өңірлік кеңес мүшесі Дүйсенбек Ысмағұлов қолдады.

 «Мен «АйсТрансХолдинг» ЖШС құрылтайшысының жолаушылар тасымалы секторы дамуы үшін халықтың белгілі бір әлеуметтік топтарын қорғауға мүдделі тарап ретінде әкімдіктің қатысуы керек деген пікірімен келісемін.  Билет берудің электронды жүйесін енгізу мәселені шешеді», – деді Дүйсенбек Ысмағұлов.

 Айта кетелік, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы тасымалдары мен автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері Кеңес жұмысына қатыспады. Сондықтан жиын біржақты өтті.

Жиынды қорытындылай келе, Кеңес мүшелері әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тасымалдау шығындарын тарифтер бойынша өтемақы есебінен ғана емес, сондай-ақ басқа да құралдар арқылы субсидиялауға жергілікті атқарушы органдардың қатысуы керек деген пікірмен келісті. Атырау облысы кәсіпкерлер палатасына Қауымдастық ұсыныстарына талдау жасау және орын  алған мәселелерді шешу мақсатында қала әкімдігі басшылығымен кездесуді ұйымдастыру тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер