«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Еуразия цифрлық платформалары» инновациялық жобалар байқауы

2018 жылғы 28 Сәуір
4605 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылдың 24-26 қазан аралығында Ереван қаласында (Армения Республикасы) «Еуразия апталығы – 2018» жыл сайынғы форумы өтетіні жайлы хабарлайды.

Форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссия (Комиссия) «Еуразия цифрлық платформалары» атты инновациялық жобалар байқауының финалын өткізеді.

Байқау мақсаты – Еуразия экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (Армения, Белорусь, Қазақстан, Ресей) экономикаларына цифрлық трансформациясына елеулі үлес қоса алатын жобаларды анықтау.

 Байқау төрт аталым бойынша өтеді:

- «ЕАЭО цифрлық болашағы» – жас жобалауышыларға, командалар мен стартаптарға арналаған.

-«ЕАЭО цифрлық күн тәртібі тақырыбында балалар мен жасөспірімдерге арналаған үздік ойын» – ойын және симуляцияларды әзірлеушілер үішн.

- «ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асырудың үздік технологиялық шешімдері» – бағдарламалық қамтамасыз етушілер, вендер, интерграторларға арналған.

- «ЕАЭО үздік цифрлық жобалары» – табысты практиканың үлгісі бола алатын маңызды цифрлық трансформациядан өткен ұйымдар үшін.

 Байқауды өткізу туралы толық ақпарат Байқаудың http://contest.eaeunion.org ресми сайтында орналасқан.

Байқауға қатысу отандық бизнеске ЕАЭО-ға мүше бес мемлекеттің ресми өкілдеріне, инвесторларға мен тұтынушыларға өз жобаларын ұсынуға, байқауды ақпараттық қолдау шеңберінде мүдделі аудиторияны бейіндік БАҚ арқылы жобаларды таныстыруға, мемлекетаралық және мемлекеттік қолдауды алу немесе жетекші цифрлық корпорациялардың инвестицияларын тартуға мүмкіндік береді.

 Байқауға қатысу үшін 2018 жылдың 13 маусымына дейін Байқаудың ресми сайты немесе төменде көрсетілген байланыс арқылы жазбаша түрде өтінім беру керек.

 Байқаудың ұйымдастырушы комитеті сала сарапшыларын Байқау қазылар алқасы құрамына қатысуға шақырады.

 Байқауға қатысу және қазылар алқасы құрамына кіру бойынша сұрақтарға жауапты – Быченков Денис Владимирович, +7 (926) 22-950-22, bychenkov@reglament.net. Комиссиямен қарым-қатынас орнату сұрақтары бойынша жауапты – Эпп Денис Владимирович, +7 (495) 669-2400, доб. 45-51, eppdv@eecommission.org.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер