«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіп бастауға көрсетілген көмек

2018 жылғы 27 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
10244 просмотров

Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударған отбасы Мәмлүт ауданында бизнеспен айналысады

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы Мәмлүт ауданы Покровка ауылына қоныс аударған Нұрсейіт Сүттібаевтың өтінішін жерде қалдырмады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2016 жылы Оңтүстіктен қоныс аударған отбасы көп ойланбастан жеке кәсіп ашуға бел байлап, Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесіне жүгінген.

«Жұбайым екеуміз бес бала өсірдік, үлкендері отбасылы, кіші қызымыз бастауыш сыныпта оқиды, немереміз де өсіп келеді. Жұмысқа тұру қиын екенін түсініп, мемлекет беріп отырған мүмкіндікті пайдаланайық деп шештік. Сондықтан Кәсіпкерлер палатасының Мәмлүт ауданындағы филиалына қарасты Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгіндік. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы толық ақпарат алып, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына тоқталдық», – дейді Нұрсейіт Сүттібаев.

Отбасылық кеңесте ірі қара малын өсіруге шешім қабылдаған. Отағасы құрылыс материалдарын алып, үйінің жанынан қора салып, суаратын орынды да дайындаған. Жем сақтайтын жерді ойластырған. Одан кейін құжат дайындау үшін Кәсіпкерлерді қолдау орталығына тағы да жүгінген.

«Несиені рәсімдеу кезінде аздаған қиындықтар болды. Кепілзат, жердің пайдаланылу мақсаты құқық беруші құжаттарға сәйкес келмеді. Кеңесші мамандардың көмегіне жүгіндім. Қайда барып, не істеу керек екенін түсіндірген соң, құжаттарды да реттеп алдық. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, Ауыл шаруашылығын қолдау қорына несиеге өтінім беруге де жәрдемдесті», - деп баяндады кәсіпкер.

Нәтижесінде Нұрсейіт Сүттібаев бизнес идеясын жүзеге асыру үшін 6 млн теңге несие алған. 7 жылға 6 пайыздық мөлшерлемемен берілген несие бастапқы қаражатқа айналды. Бұл ақшаға 21 ірі қара мал мен жем-шөп сатып алды. Сүтті жергілікті дайындаушыға өткізеді.

Бірақ малдың жайылымдық жері болмай тұр, себебі кәсіпкердің меншігінде ондай жер жоқ.  Алғашқы қар түскенше табынға қосады. Қазіргі таңда төлдеп жатыр, сондықтан қарбаластық көбейген. Бұзауларға Нұрсейіттің жары бас-көз болып отыр. Ал малды бағуға ұлдары Нұркен мен Оралхан көмектеседі. Бір ұлы үйленген. Келіні Солтүстік Қазақстан облысындағы жоғары оқу орнында «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алуда.

«Біздің отбасылық кәсібіміз дамып, шаруашылықты жүргізуді үйренеміз деген үмітіміз бар. Бұл бағдарлама расымен де жұмыс істейді. Біздің отбасымызға қарап-ақ мақсатқа жетуге болатынын айту керек – еңбек етіп жатырмыз, өзімізге де, айналамызға да пайда келіп отыр. Кәсіпкерлер палатасының Мәмлүт ауданындағы филиалына ерекше алғыс білдіремін. Мүмкіндік барда қолдау шараларын пайдалану керек. Бұл бағдарлама 2021 жылға дейін. Сондықтан көп ойланған адам құр алақан қалады, мүмкіндікті қалт жібермеу керек», - деп тұжырымдады кәсіпкер.

Н.Сүттібаев болашақта жеке кәсібін ұлғайтып, бизнестің жаңа бағытын ашқысы келеді. Ол үшін «Бастау» жобасымен білім алуға шешім қабылдаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер