«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруаларға жасалған жеңілдік

2018 жылғы 27 Сәуір
- Павлодар облысы
1699 просмотров

Шаруашылыққа қажетті заттар құны 80 пайыз субсидияланады

 Май ауданында «Смартзапчасть» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары аудан кәсіпкерлерімен кездесті

Кездесуге аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Людмила Байкежанова және аудандық кәсіпкерлік Палатасының директоры Айтас Шамбасов қатысты.

Жайылымдарды суландыру бағдарламасы арқылы күн батареясы, су сорғыш, электр қуатын беретін бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар алуға болатыны айтылды.

«Шаруашылықтарға қажетті заттар сатып алу құнының 80 пайызы мемлекет есебінен субсидияланады. Қажетті құжаттар тапсырған соң аталмыш құрал, насос, қозғалтқыштар әкеліп беріледі. Келісім жасалып, кәсіпкер төлемақыны қолына субсидия түскен соң өтеуіне мүмкіндік бар», – деді Людмила Байкежанова.

Құжаттарды таяу арада аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне тапсыру керек. Күн жылына салысымен құрал-жабдықтар жеткізілмек. Кәсіпкерлерге аудандық кәсіпкерлер Палатасы да қолдау көрсетеді. Бұл жаңалықты жеке кәсіпкерлер де, шаруа қожалықтары да қуана қабылдады.

 Бұл бағдарламаға кез келген шаруа қожалығы, мал өсіруші жеке кәсіпкерлер де қатыса алады. Басты шарт – кәсіпкердің қазылған құдығы болуы керек. Осы орайда  ауылшаруашылық саласында еңбек атқарып жүрген 98 кәсіпкер өтініш тапсырды, оның ішінде 64 шаруа қожалығы және 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бар.

 Осы орайда, кәсіпкерлер Палатасы Май аудандық филиалы директорының айтқан дерегіне сүйенсек, Палата филиалының мамандары жергілікті кәсіпкерлерге бизнес жоспарларды әзірлеп беріп, толықтай субсидия алуға жердемдеседі, қазіргі уақытқа дейін 14 жоба жасалып,  құқықтық көмек көрсетілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер