«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында парапландық спорттан Әлем кубогы өтеді

2018 жылғы 26 Сәуір
- Жетісу облысы
3974 просмотров

Халықаралық чемпионат 4 мамыр күні басталады

Биыл Алматы облысында Парапланерлық спорттың дәлме-дәл қону түрінен Әлем кубогы өтеді. Бұл туралы шара ұйымдастырушылары - Экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршки, Экстремалды спорт федерациясы жетекшісінің орынбасары Сәбина Азамбаева, бапкер, спорт шебері Игорь Коренскийдің қатысуымен Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршкидің сөзінше, әлем чемпионаты Жоңғар Алатауында 4-6 мамыр аралығында ұйымдастырылады. Таудың орналасуы әуеде ұшуға қолайлы алаң болып табылады. 

«Шалғай аймақта әлемдік деңгейдегі шара неге өткізіліп жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Оның басты себебі 2016 жылы өңірде Азия чемпионаты, одан бұрын 2015 жылы Азия чемпионаты алдындағы жарыстың өтуі. Халықаралық аэронавтика қауымдастығы біздің ұшу орындарын, сайыстарды ұйымдастыру мен дайындық деңгейін өте жоғары бағалады. Сондықтан, мамыр айында Әлем кубогын өткізу құрметі ұсынылды», - деп атап өтті Игорь Виршки.

Әлем кубогында Үндістан, Чехия, Корея, Косово, Моңғолия, Кипр, Румыния, Сербия, Словения, Түркия, Украина сияқты т.б. 15 шет мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысады.

Спорттық шараның серіктесі болып табылатын Өңірлік кәсіпкерлер палатасы халықаралық деңгейдегі оқиғаның орын алуы аймақта аэротуризмнің дамуына жаңа серпін беретініне сенімді.

Жалпы іс-шара Экстремалды спорт федерациясы, Қазақстан авиациялық спорты федерациясы және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер