Дана Жүнісова вице-министр болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Жүнісова Дана Бейсенқызы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды
Дана Жүнісова 1985 жылы 30 мамырда Целиноград қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын бітірген.
Қазіргі таңда Еуропалық университет бағдарламасы бойынша Халықаралық Бизнес Академиясының магистранты.
Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас маман болып бастаған. 2007-2008 жж. – «Астана-Финанс» АҚ бас менеджер. 2008-2011 жж. – «2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын Ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ департамент директоры. 2013-2015 жж. – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тариф бекіту департаменті директорының орынбасары, Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары, Экономикалық интеграция департаментінің директоры, Өнеркәсіп және инвестициялық саясат департаментінің директоры. 2015 жылдың қазанынан 2016 жылдың мамырына дейін – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы – Экономикалық интеграция департаментінің директоры.
2016 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Экономикалық интеграция, кеден, техникалық реттеу, сатып алу және жергілікті қамту үлесі, сондай-ақ өнеркәсіп және инвестициялық саясат мәселелеріне жетекшілік етті.
ЕАОЭ мүше-мемлекеттері басшыларының «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» ІІ дәрежелі медалімен, ҚР Президенті атынан мемлекеттік және қоғамдық қызметттегі еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, достық пен ынтымақтастықтың нығаюына сіңірген еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовтың атынан «Экономикалық интеграцияның дамуы және Еуразиялық экономикалық одақтың құруы үшін» алғыс хаты табысталған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: