Алматыда ірі бизнес-кеңістік құрылады
Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы «ALPHArabius» бизнес-кеңестігінің әріптесі атанды.
Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «ALPHArabius» бизнес-кеңестігінің басқарушы компаниясы «KV-Fund» ЖШС ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Екі тарап Алматы қаласында тағы бір кәсіпкерліктің ошағын құру және креативті шаһар жасау мақсатында бірікті. Ынтымақтастық аясында кәсіпкерлерге арналған менторлық бағдарламаны әзірлеу, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және технологияларды коммерциялау саласында біліктілікті дамыту бойынша бірлескен шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
Айта кетелік, «ALPHArabius» бизнес-кеңестігі» «KV-Fund» ЖШС және «EMC» АҚтың 2017 жылдың мамыр айында жасалған өзара келісім және жалға алу ұзақмерзімді шарты негізінде жүзеге асырылып жатыр. «EMC» АҚ Мәселелі несиелер Қоры (ҚР Қаржы министрлігі) құрамына кірген болатын. Бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту аясында тиімді кооперацияның үлгісі болмақ.
«Аталған келісімді жасауда Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының мақсаты оңтүстік астанада тағы бір кәсіпкерлікпен бизнес орталығын құру және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру. Келісім аясында Өңірлік кәсіпкерлік палатасымен ұсынысы бойынша кәсіпкерлерге жұмыс орындарын беру мен бірлесіп іс-шаралар өткізу жоспарланған», – деді ӨКП директоры Бағдат Телебай.
Жоба иесі Мейрам Тілеухан әлемдік «WeWork» бизнес-кеңістігінің желісі ІТ- емес секторда жалғыз бірегей стартап болып отырғанын айтты.
«Біздің міндет ыңғайлы кеңселерді салу ғана емес, жаңа жобалар туатын ортаны құру. Мұндай кеңістіктер Ұлыбритания мен Америкада сәтті жүзеге асып жатыр. Мәселен, «WeWork» бизнес-кеңістігі желісі ІТ-емес секторда жалғыз стартап-единорог*( unicorn startup) болып отыр. Бүгінгі таңда бұл желінің құны – 20 млрд АҚШ долларын құрайды және 60 мың компанияға: шағын стартаптардан бастап Microsoft, Amazon және HSBC сынды алпауыттарға үй болып отыр», – деді Мейрам Тілеухан.
Кәсіпкердің айтуынша, идеяны жүзеге асырудың алдында нарыққа талдау жасалды. Талдау нәтижесінде Қазақстанда мұндай аймаққа сұраныс бары анықталды. Көп компаниялар бизнесті жүргізудің стандартты әдістерінен кетіп жатыр. Осы ретте бизнес-кеңестігі табысының басты шарты – ауқымдылықта.
«Креативті жандарға қарым-қатынас керек. Алматыда мұндай жобалар бар әрі өздерін жақсы көрсете алды. Бірақ олардың барлығын қосқанның өзінде «ALPHArabius» бизнес-кеңстігі ауқымына жете алмайды. Бізде территорияның барлығы екіге: корпоративті және креативті бөлікке бөлінеді. Күнделікті ақылы және тегін тренингтер, таныстырылымдар, табысты жандармен кездесулер, жеке адамдардың және бүтін топтардың шығармашылық кештері өткізілетін болады. Әр түрлі бағыттарды ұстанған адамдар тәжірибе алмасатын болады», – деді Мейрам Тілеухан.
Айта кетелік, бұл бизнес-кеңістік отандық және шетел компаниялардың тәжірибе алмасуының ресми емес орталығы болуы мүмкін. Шетелдік компаниялар үшін арнайы заңдық әрі құжат рәсімдеуде, кеңсе таңдауда жағдай жасалады.
Анықтама үшін:
* Единорог – 1 млрд АҚШ доллары көлемінде капитал жинаған стартап.
«ALPHArabius» жобасы туралы:
«ALPHArabius бизнес-кеңістігі 13 мың шаршы метр ауданда орналасып, бірнеше аймақтан тұратын болады. Олар бір уақытта 1000 адамды сидыра алатын open-space (ашық кеңсе), 64 оқшауланған кеңсе, көлемі 2500 шаршы метрді құрайтын 4 мәжіліс залы мен 20 келіссөз бөлмеден тұрады. Сонымен қатар кеңістікте тәуілк бойғы жұмысқа қажет «Parmigiano Group» 5 тамақтану нүктесі, заңдық және бухгалетрлік қызмет, капсулалы қонақүй, Халыққа қызмет көрсету орталығы, банктер өкілдігі болады.
Кеңістікте жұмыс орнын жалға алу құны – 60 мың теңге.
Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер, әлеуметтік жағдайы нашар адамдарға жеңілдіктер қарастырылған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: