«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

2018 жылғы 20 Сәуір
- Қарағанды облысы
5573 просмотров

Әріптес компаниялар бірлесіп өндірген өнімнің алғашқы партиясын шығарды

17 сәуір күні Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасында машина жасауды дамыту саласында халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Чехия Рсепубликасы арасында жиын өтті. Жиынға Қарағынды облысы ӨКП  Машина жасау комитеті өкілдері мен машина жасау саласындағы кәсіпорындар басшылары қатысты. Өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Картель 2005» ЖШС және чехиялық DAG-TS компаниясы арасында өндірісітік кооперация негізінде меморандумға қол қойылды. Дәл осы күні ортақ өндіріс негізінде жасалған өнімнің алғашқы легі шықты.

 Айта кетелік, DAG-TS компаниясы мұнау-газ, химия, тамақ, ядролық және өнеркәсіптің басқа салаларына арналған өртке қарсы сақтандырғыштарды шығаруда әлемдік көшбасшы болып саналады. Чехиялық сақтандырғыштар өндірістік  өнімділіктің жоғары деңгейіне ие және әртүрлі жағдайларда қызмет көрсету мерзіміне сәйкес балама өнімдерден айтарлықтай асып түседі. Қол қойылған меморандум негізінде Қазақстан Республикасында өртке қарсы сақтандырғыштарды шығару туралы шешім қабылданды.

 Өнімнің қажетті сапасын ескере отырып, өртке қарсы сақтандырғыштарды өндіру үшін «Картель 2005» ЖШС ISO 9001:2008 және ATEX Q стандартына сәйкес сапаны басқару жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Ал жүйе қазақстандық және еуропалық сәйкес сертификаттарымен бекітілетін болады.

 Ары қарай Қарағанды ӨКП Машина жасауды дамыту комитеті Чехия Республикасы мен өңірдің машина жасау кәсіпорындары арасында өндірісітік коопарцияны дамытуды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер