Сеулде Қазақстан-Корея бизнес форумы өтті
19 сәуір күні Сеулде («LOTTE» қонақүйі) Қазақстан-Корея бизнес форумы өтті. Аталған іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Корея Республикасындағы Қазақстан Елшілігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Корей Республикасы Сауда-өндірісітік палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, Корея Республикасы Сауда және энергетика министрлігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды.
Бизнес форумы жұмысына ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов және Корея Республикасындағы ҚР Елшісі Дулат Бекішев қатысты.
Жалпы бизнес форумға Қазақстан мен Кореяның 230 жуық ірі және орта компания өкілдері қатысты.
Қазақстан делегациясының Корея Республикасына барған жұмыс сапары кезінде тараптар Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігін талқылады.
Қазақстандық компаниялар инвестицияларды келесі бағыттар бойынша тартуға қызығушылық танытты: индустрияландыру, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, энергетика, тау-кен қазу өнеркәсібі, экология, инфрақұрылым.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: