«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясы өтеді

2018 жылғы 19 Сәуір
- Алматы қаласы
2329 просмотров

Бүгін сағат 15:00-де «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев және қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Алматы қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясы өтеді. Ауқымды іс-шараға мегаполис бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.

Тимур Құлыбаев пен Бауыржан Байбек қаладағы 150-ден астам кәсіпорынның басшыларымен кездеседі. Конференция барысында өңірлік бизнесті қолдаудың әлеуетті бағыттары айтылып, бизнес-қоғамдастық өкілдері өзекті мәселелерді талқыға салмақ.

Іс-шараның тікелей көрсетілімін "Atameken Business chanell" телеарнасынан, "Атамекен" ҚР ҰКП-ның Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан тамашалай аласыздар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер