«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұн тартушылар дабыл қағуда

2018 жылғы 18 Сәуір
- Қостанай облысы
5294 просмотров

Қостанай ұн тартушылары өткізу нарығын жоғалтып жатыр. Бидай өңдеуші кәсіпорындар әрең күнелтуде, көбісі жабылудың алдында тұр. Түйткілді мәселені шешу мақсатында өңірдің ұн тартушылары Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы алаңына жиналды.

Аталған мәселе бүкіл Қазақстан үшін өзекті, сондықтан талқылау бейнебайланыс режимінде өтті. Әр өңірдің кәсіпкерлері өз ойларын жеткізе алды.

«Біздің міндет – өңделген өнім экспортын 2,5 есе ұлғайту. Есесіне ауған нарығының бір бөлігін жоғалттық. Бүгін титығына жеткен мәселені шешудің жолдарын табуымыз керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев.

 Ұн тартушылар биыл жаппай дабыл қаға бастағанмен, мәселенің алғышарттары 2011 жылы басталған еді.

 «Сол уақытта Өзбекстанда диірмен қуатын арттыруға күш салынды. Нәтижесінде олар біздің бидайды сатып ала бастап, өңдеп, Ауғанстанға тасымалдады. 2013 жылы тасымалдау тарифтері 2-3 есе өсті. Содан соң экономика, вагондар тұрып қалды... Бұл нарық! Қазір бәрін жоғалтып, не жеңіске жетеміз. Мәселен, менің қол астымда 200 адам жұмыс істейді. Мен бұл орындарды сақтап қалғым келеді», – деді «Асалия»  ЖШС директоры Дулат Шаяхметов.  

 «Темирязев ұн комбинаты» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы) бас директоры Иса Аллахяровтың айтуынша дайын өнім Өзбекстанда арзанырақ. Отандық ұн тартушылар бағаны төмендете алмайды, өйткені тарифтер жіпсіз байлап тұр.

 Мәселен, соңғы уақытта электро энергиясы кәсіпкерлер үшін 4 есе қымбаттады.

 «Бұрын электр энергиясына айына 4 млн төлесем, қазір 13 млн төлеймін», – деді Иса Аллахаров.

 Көлік түйткілдерін талқылау ұзаққа созылды. Былтырғы жылдың күзінде нағыз тығырық орын алды. Ұнды экспорттайтын вагондар жоғалып кетті. Бизнесмендердің айтуынша бұған теміржол қызметкерлері кінәлі. Бүгінде бұл мәселе толық шешілмеген.

 «Республика бойынша ұн тартатын 300 ғана кәсіпорын қалған. Осылай кете берсе сөрелерімізді ресейлік және өзбек ұны басып алады. Өзбек өнімін дүкенде көрдім», – деді Ербол Есенеев.

Отандық өндірушілер екі шығу жолын ұсынды: кері әрекет ету шараларын енгізу және өңдеушілерге жол шығындарын субсидиялау.

«Біз нақты ұсыныстарды әзірлеп оны Үкімет қарауына беруіміз керек. Жаңа өткізу нарықтарын іздеуіміз керек. Мәселен, Қытай нарығы. Онда дайын өнімдер – макорон мен кондитер өнімдері сұраныста. Екінші бағыт, бидайды терең өңдеуге көшу қажет», – деді Қостанай облысы ӨКП директорының орынбасары Геннадий Кукоба.

  Геннадий Кукоба бұл шараларды шұғыл қолға алу керек деп санайды.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер