«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бас мердігерлер басқалар үшін жауапкершілік алуға қарсы

2018 жылғы 18 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
5313 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті деңгейде мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге еңбекақыларын төлеу бойынша қарызды бөлеуге бас мердігерді міндеттемек.  

Айта кетелік, «ШҚО Кәсіподақтар орталығы» Кәсіподақтар одағымен әзірленген 2018-2020 жылдарға арналаған Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу туралы келісім жобасы бойынша жергілікті деңгейде еңбек қатынастарын жақсарту үшін Еңбек кодексінде белгіленген деңгейден тыс жаңашылдықтарды енгізу жоспарлануда.

Келісім жобасы ШҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен жұмыс берушілер талқылауына салынған болатын. Жұмыс берушілер келісімнің құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты кейбір тармақтарымен келіспейді. Егер аталған жоба қабылданатын болса, онда бас мердігер қосалқы мердігер үшін еңбек келісмдерінің есебі мен тіркеуін жүргізуге міндеттеледі. Сонымен қатар бас мердігерге қосалқы мердігерлік ұйымдардан еңбекақыны уақытылы төлеу бойынша сақтандыруды талап етуді міндеттейді. Егер сақтандыру болмаса, онда жауапкершіліктің бәрі бас мердігерге артылады. Яғни қарыздың бәрін бас мердігер төлеуі керек.

 Ірі кәсіпорындар басшылығы аталған жаңашылдыққа түбегейлі қарсы. Егер бұл норма енгізілсе мердігерлер қосалқы мердігерлік компания қызметінен бас тартады. Осылайша шағын бизнестегі көп кәсіпорындар жабылып қалады.

 «Қосалқы мердігерлер үшін жауапкершілікті ешкім алмайды. Оданша адамдарды жұмысқа тікелей алып, еңбекақы, салық төлеп, жұмысты өзінше орындаған артық. Олар қандай еңбекақы төлеп жатқанын қайдан біле аламыз? Бізге артық есепті жүргізудің қажеті қанша? Осы үдерісті бақылау мақсатында штатқа тағы бір бухгалтер алуға тура келеді. Оданша қосалқы мердігерліктің болмағаны жақсы. Онда шағын бизнес қалай дамиды?», – деді «Восток-Котлы» ЖШС директоры Наталья Гуслякова.

Компания басшылары еңбекақы бойынша қосымша төлеу, жылсайынғы демалысты беруді экологиялық куәлік болған уақытта ғана жасау керек деп санайды. Жоба редакциясында экологиялық құжаттың болуы міндеттелмеген. Осылайша салмақ қайтадан жұмыс берушіге түспек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер