«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік сатып алулар саласы әлі де өзекті

2018 жылғы 18 Сәуір
- Ақмола облысы
3545 просмотров

Лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар саласында заң бұзуы Ақмола облысында ең жиі орын алатын жағдайға айналған

«ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті «Солтүстікқазжерқойнауы» РММ жер қойнауын пайдаланушы компанияны мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысып отырған ұйым ретінде көрсеткісі келген.

2017 жылдың наурыз айында «Алаит» ЖШС «Түсті және асыл металдардың қорын болжауды бағалай отырып, ауқымыны геологиялық зерттеу жүргізу» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжат дайындау үшін «Солтүстікқазжерқойнауы» мекемесімен келісімшарт жасаған. Биыл қаңтар айында «Солтүстікқазжерқойнауы» тауарды жеті күнге кешіктіргені үшін сотқа талап арыз берген.

Өңірлік палата сарапшылары кәсіпкердің өтінімін қарау барысында мемлекеттік мекеме тарапынан бірнеше заң бұзушылық орын алғанын анықтады. Талап арызын беруші «Солтүстікқазжерқойнауы» заңсыздық дерегі туралы білген кезде мерзімі туралы ақпаратты бұрмалаған. Мекеме өкілдері «Алаит» ЖШС мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушы деп тануға жеткізушінің 2017 жылдың 8 желтоқсанында атқарылған жұмыс актісі берілген күнді негізге алған. Осылайша жеткізуші заңнаманы бұзуды деген дерек мәлім болғанда дәл сол күннен бастап мерзімді өткізген.

Мұнымен қоса «Солтүстікқазжерқойнауы» жауапкердің мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт бойынша міндеттемені лайықты орындамағаны дерегін 2017 жылдың 30 қарашасында бекіткен, ал 1 желтоқсанда тапсырыс беруші келісімшарт бойынша тұрақсыздық төлемін ұстауды бастаған. Ал талап арызы 2018 жылдың 5 қаңтарында ғана берілген.

«Талап етуші ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңының 12-бабы 4-тармағы бұзылды деген арыз берген. Дәл айтқанда, тапсырыс беруші жеткізушінің ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңын бұзғандығы туралы дерек мәлім болған күннен батсап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей әлеуетті жеткізушіні мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысып отыр деген талап арызымен сотқа жүгінуі тиіс», ­­- деп пікір білдірді Өңірлік палата әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Расул Сыздықов.

Бекітілген мерзімде жұмысты жеткізбеу себебіне келер болсақ, тапсырыс беруші бұл жайтта да жаңылысқан. «Алаит» ЖШС 2017 жылдың 7 қыркүйегінде келісімшарт ережесіне сүйене отырып, «Солтүстікқазжерқойнауы» РММ атына жұмыс мерзімін ұзарту туралы өтінім жолдап, объективті себептерге байланысты мерзімін ұзартуды сұраған. Алайда мемлекеттік орган оған жауап беруді жөн санамаған. 27 қарашада жер қойнауын пайдаланушы өз хатын қайта жолдап, алдыңғы өтінімге жауап беру өтінішін білдірген. «Солтүстікқазжерқойнауы» одан кейінді жайттары белгілі.

Мемлекеттік сатып алуаларға жосықсыз қатысушылар реестріне енгізу беделге нұқсан келтірп қана қоймай, екі жыл қатарынан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға тыйым салады», - деді Расул Сыздықов.

Қазіргі таңда сот «Солтүстікқазжерқойнауы» РММ талап арызын қайтарды. Мұнымен қоса, мемлекеттік органның адресіне алдағы уақытта мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы қатаң сақтау туралы шешім шығарылды. Кінәлі лауазымдық тұлғаларға қатысты шара қолдану да жазылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер