Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары бірігуді қолға алды
Бизнесмендер жұмылып мәселелерді шешу, өткізу нарықтарын кеңейту мен өндірісті жаңғырту мақсатында «Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары одағына» бірігіп жатыр
Жаңа бірлестікті құру туралы бастама Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарланды. Одаққа машина жасау кәсіпорындары мен «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттеуден өткен алты салалық қауымдастық кірді. Аталаған қауымдастықтар құрамында түрлі жоғары технологиялық өнім шығаратын 243 компания бар.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов Палатаның жаңа бірлестік аясында бизнесмен бірлескен жұмысқа дайын екенін хабарлады. Бүгінде Ұлттық палатада 140-тан астам түрлі қауымдастық аккредиттелген. Бизнестің салалық принцип бойынша шоғырлануы дамудың өзекті мәселелерін шешуде біріккен мықты шешімдер жасауға жол ашады.
«Біз қашанда қауымдастықтардың іріленуін қолдап келдік. Бизнес өзінің ішкі мәселелерін жақсы біледі әрі оларды шешу үшін тиімді ұсыныстарды дайындай алады. «Атамекен» бизнеске мәселелерін шешу жолында ақылдасып, талқылау жұмыстарына өз алаңдарын беруге әрқашан дайын. «Атамекен» заңнамалар мен нормативті-құқықтық актілеріне бизнес пен салалық қауымдастықтардың ұсыныстары мен ескертпелерін енгізді. Олардың 70%-дан астамы мемлекеттік органдар тарапынан ескерілген», – деп атап өтті Қуаныш Бишімов.
ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары қазіргі таңда «Атамекен» мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс атқарып жатқанын мәлімдеді. Басты міндет – үдерістің транспаренттілігін қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілер қатысуының басымдығы және қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ұзақмерзімді мемлекеттік тапсырыстар – дамудың жақсы мүмкіндігі.
«Бірігу үдересін тамаша жүзеге асырып отырған «Жасампаз» концорциумы жұмысын ерекше атап айтуға болады. Аталаған бірлестік ҚР Қорғаныс министрлігімен киім мүлігін жеткізу бойынша 5 жылға шарт жасасқан. Кәсіпкерлер технологиялық шеңберді бекіте алған, яғни мақтаны өсіруден бастап, өндірісітік материалдарды шығаруға және дайын өнім шығаруға дейін үдерісті жүзеге асырып отыр. Бизнес ұзақмерзімді шарттар, өсу, келешектік, әлеует барын көргенде, инвестицияларды тарту мен өндірісті жаңғыртуда батыл қадам жасай алады. Концорциум 5 жыл ішінде өндірісітк тізбекті тереңдетіп, жоғары қосылған құны бар өнім жасауға 6 млрд теңге салуды өз міндетіне алды. Жаңа Одақ пен «Атамекеннің» осы мәселеде ойы бір жерден шығу керек деп санаймын. Шикізаттан бастап дайын өнімге дейін өндірісті қолға алуымыз керек», – деді Қуаныш Бишімов.
Кәсіпкерлердің айтуынша «Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары одағы» Ұлттық палата алаңын қоса алғанда мемлекеттік органдармен болатын талқылауларда сала дамуын алға тарту үшін саланы дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары бойынша қатысушылардың бірыңғай ұстанымын дамытуға ниетті.
«Мемлекеттің экономикалық дамуының жаңа моделі өңдеу өнеркәсібі секторын жаңғыртусыз мүмкін емес. Ол үшін модернизацияның өзекті факторларына – технологиялар мен қаржы көздеріне қолжетімділік бойынша мәселені шешу керек. Сонымен қатар дайын өнімді өткізу үшін ішкі және экспорттық нарықтарға шығуда барлық кедергілерді азайту қажет», – деп хабарлады «Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары одағының» Басқарма Төрағасы Марат Баққұлов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: