«Атамекен» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесін халықаралық сараптамалық деңгейіне шығарды
Көп пәтерлі үйлерді пайдалануға беруді ұйымдастыруды тек кәсіби мамандар атқаруы тиіс
«Атамекен» алаңында 9-13 сәуір аралығында жоспарланған ІІ халықаралық семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Германия, Беларусь, Латвия мен Өзбекстаннан келген сарапшылар, басқарушы компаниялар, сервистік компаниялар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Атырау қалаларындағы салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Қазіргі таңда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгерту енгізіп, оның аясында 10-нан астам меншік иелері бар үйлерді басқарудың басқа да баламаларын алып тастап, жеке мүлік иелерін басқарудың бір ғана міндетті формасы ретінде Меншік иелерінің бірлестігін енгізуді ұсынғаны белгілі.
Меншік иелерінің бірлестігі бизнесті, яғни басқарушы және сервистік компанияларды жұмылдырмақ, бұл қазір жұмыс істеп отырған Пәтер иелерінің кооперативін еш өзгертпейді. Осылайша 78 мыңнан астам бірлестік құрылмақ. Бизнес тарапы бір уақытта 78 мың заңды тұлғаны – меншік иелерінің бірлестігін құру қолданыстағы басқару формасын ауыстыруға ықпал етіп, көп пәтерлі үйлердегі ортақ мүлікті басқару жүйесін бақылаусыз қалдырып, істің берекесін қашыратынан бірнеше рет ескертті.
«Бұл тәсілге бизнестің қояр сауалы көп. Сондықтан Ұлттық палата мен «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» бастамасымен серіктестік байланысты пайдалана отырып, семинарда халықаралық сарапшылардың пікірі тыңдалды. Бүгінде уәкілетті органдардың өкілдерін шақырдық, себебі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау аясында қызу жұмыс атқарылып жатыр, бұл мәселе бизнестің ғана емес, қарапайым азаматтардың да қызығушылығын тудырып отыр», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Елдос Рамазанов.
Мұнымен қоса, заң жобасында ең бастысы – басқарушыға кәсіби мамандарды қатыстыру көрсетілмеген.
«Эксплуатация мен лифт құралын күту, өрт жүйесі ережесінің бұзылуына қатысты орын алған жайттар бұл мәселені кешенді түрде шешу керектігін көрсетеді. Қауіпті техникалық құралдарды пайдалануға беруді ұйымдастыру, көп пәтерлі үйлердегі жүйенің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету белгілі бір біліктілік талаптарына сай, жауапкершілік жүктелген, оның ішінде жауапкершілікті сақтандыруды қолға алынған тұлғаларға табысталуы тиіс», – деп есептейді Елдос Рамазанов.
Германиядан келген әріптестер Меншік иелері бірлестігін енгізу идеясына қатысты пікір білдірді. Мұндай механизм міндетті жүзеге асырылатын механизмдер мен құралдары енгізбей толық жүзеге асыпайтынын атап өтті. Мысалы Германияда меншік иелерінің басқарушы компаниялардың қызметінің, коммуналдық қызметтің ақысын төлемегені үшін жауапкершілік бекітілген, жылу мен суға қаражат төлемегені үшін қиып тастау, басқару компанияларының қызметіне алдын ала төлеу жүйесі ойынша ақы төлеу (жыл соңында салыстырады) және пәтер ақысынан 3% көлемінде қарыз болса, пәтерді сатуға аукцион ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді жөндеуге қаржы бөлу міндеттемесі енгізілген.
Сарпашы, «Jelgavas nekustamā īpašuma pārvalde» – Елгава қаласында үйді басқару шаруашылығы» ЖШҚ басшысы Юрис Виджис атап өткендей, Латвияда Басқарушылардың ашық реестрі бар (жеке және заңды тұлғалар), бұл әлеуетті басқарушыны іздеуді жеңілдетеді, егер басқарушы реестрге енгізілмесе, онда ол өз қызметін жүзеге асыру құқығына ие еместігін білдіреді.
Заң жобасының ережесінде жаңа институт – басқару формасы құрылатындықтан, барлық қатысушылардың мүддесі теңгерімінің шегінде тұрған нормалар болғандықтан, басқарушылардың сартапталған қабаты ретінде Пәтер иелері кооперативі институтын жою мәселесін қозғап, әрбір пәтер мен көп пәтерлі үйлердегі тұрғын емес орындар иелерінің қаржылық мүддесі аумағында тұрғандықтан «Атамекен» Ұлттық палатасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің алдында заң жобасына қатысты қоғамдық тыңдалым өткізу бастамасын көтерді. Тиісті хат та жолданған.
«Бұл шара өте қажет. Тәжірибеден көргеніміздей, қоғам қарсылығы бар заңды қабылдап, оны парламентке енгізгеннен кейін жағымсыз пікірлер орын алуы мүмкін», – дейді Елдос Рамазанов.
Қазақстанда тұрғын-үйді басқаруда үздік тәжірибені негізге алу қажет, Пәтер иелері кооперативінің де, басқарушы компаниялардың да қызметінде тұрғындардан тәулік бойы шағым қабылдау жүйесін қалыптастырған, қызметкерлеріне KPI қойған, өз қаражатынан жабдық пен материалдарды сатып ала отырып, апаттық жағдайларды жояды, еңбекақыны қолма-қол ақшасыз түрде төлеуді жүргізеді.
Бүгінде адал жұмыс атқаратын Пәтер иелерінің кооперативі мен басқарушы компанияларда ақы төлемейтінерге әсер ететін қандай да бір тетік жоқ, өз қызметтеріне ақыны дұрыс ала алмай отыр.
Тұрғын үйлерді ұқыпты ұстау жүйесін қолдауда кәсіби мамандарды тарту – көп пәтерлі үйде жалпы меншік үлесінің құқығы берілген пәтер иесі/тұрғын үй емес орынның иесі төлейтін тұрақты шығын екенін түсіну керек. Осылайша эксплаутациялық шығындар бірнеше есе өседі, сондықтан бұл мәселені тікелей ақы төлеушілермен талқылау керек.
«Біз Германия, Беларусь, Латвияның тәжірибесін қолдануымыз мүмкін, бірақ бізде өзіміздің ұлттық ерекшелігіміз бар. Біз соның да үздігін қабылдауымыз керек», – деп тұжырымдады Елдос Рамазанов. Сондай-ақ, бүгінде бизнес нық тұрғанын, қай бағытта даму керектігін өзі анықтауға болатынын да атап өтті.
14-18 мамыр аралығында Ұлттық палата мен «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» бастамасымен серіктестік аясында «Атамекен» тұрғын үйді басқаруға арналған семинарлар сериясын жалғастырады.
Анықтама ретінде:
Семинар – Ұлттық палата мен «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» бастамасымен (Германия, Берлин) үш жылдық серіктестікті жүзеге асырудың бір кезеңі. Оның мақсаты – кәсіби қауымдастықтардың біліктілік деңгейін арттыру, құрылымына талдау жасау, басқарушы және сервистік компанияларға білікті тренингтер өткізу мүмкіндігін беру.
Биыл наурыз айында уәкілетті орган, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдар, басқарушы компаниялар мен қауымдастық өкілдерінен құралған Қазақстан делегациясы Берлинге барды. Кездесу барысына отандық делегация мүшелері Германиядағы коммуналдық шаруашылық, басқарушы компаниялар, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың жұмысымен танысып, тәжірибе алмасқан еді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: