«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау мен Үндістан бизнесі өзара ынтымақтастыққа дайын

2018 жылғы 13 Сәуір
- Атырау облысы
7124 просмотров

Үндістан кәсіпкерлері атыраулық әріптестермен ынтымақтастық құруға қызығушылық танытуда

Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы басшылығымен өткен кездесуде хабарлады. Құрметті қонақты «ONGC Videsh Limited» ірі үнділік мемлекеттік корпорациясы Өкілділігінің директоры Кришнакант Джоши ертіп жүрді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов Палата қызметінің негізгі бағыттары жайында айтып, Үндістан мен Атырау облысы сауда-экономикалық қатынасына тоқталып кетті.

 «Кедендік статистика мәліметіне сәйкес 2017 жылы өңірдің Үндістанмен тауар айналымы 558 млн АҚШ долларын құраған. 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,5 есе ұлғайған. Осы ретте экспорт көлемі 547,6 млн АҚШ долларын, ал импорт көлемі 11,1 млн АҚШ долларын құрады. Үндістанға экспорттаудың негізгі құрылымы мұнай мен мұнай өнімдері, газдан тұрады. ал Үндістаннан Атырау облысына кішігірім көлемде киім-кешек, аяқ киім, қара металдан жасалған бұйымдар, электр жабдықтары және т.б. Бүгінде  облыс бойынша үндістандық капитал үлесі тартылған 20 кәсіпорын тіркелген», – деді Абдолла Идресов.

Өз кезегінде ӨКП директорының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Нұрия Шавалиеваның айтуынша өңірде шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай қарастырылған.

 «Атырауда «Ұлттық индустриялық мұнайхимиялық технопарк» атты арнайы экономикалық аймақ құрылды, оның құрамында 15 кәсіпорын орналасқан. Осы жерде жаңа өндіріс ашуға бос территория бар. Басты талап – кәсіпорындар мұнай химиялық бағытта болуы керек. Арнайы экономикалық аймақ территориясында жеңілдетілген салық режимі қолданылады, жер учаскілері жалға беріледі. Сонымен бірге инвесторлар үшін ҰКП-ның өнімі – кәсіпкерліктің даму картасы қызықты болуы мүмкін. Бұл интернет-ресурсында республика бойынша бар барлық инвестициялық жобалар енген. Яғни әлемнің кез келген нүктесінде жүрген инвестор өзін қызықтаған жобаны таңдап, қажетті ақпаратты ала алады. Қазір онда 300-ге жуық жоба енгізлген», – деді Нұрия Шавалиева.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау, оның ішінде шетелдік инвесторлар туралы ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев айтып берді.

Прабхат Кумар Палата өкілдеріне берілген ақпарат үшін  алғыс айтып, Үндістан тарапы Атырау облысымен ынтымақтастық құруға дайын екенін жеткізді.

«Өңірлік палатамен өзара қатынас екі мемлекеттік бизнес өкілдеріне жаңа байланыс орнатуға жол ашады деп сенемін», – деді елші.

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер