«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Заңсыз импорт мәселесін кешенді шешу керек

2018 жылғы 11 Сәуір
2656 просмотров

Алматыда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Шағын және орта бизнесті дамыту және Сауда комитеттерінің жиыны өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы шағын және орта бизнес субъектілері көтерген мәселелерге қатысты болды. Атап айтқанда – заңсыз импорт мәселесі.

Отандық нарықта заңсыз әкелінген өнімнің болуы кәсіпкерлердің үрейін тудырып отыр. Контрабандалық тауарларды шеттен тасымалдау жосықсыз бәсекеге әкеліп, жалпы экономика мен бизнес дамуына кері әсерін тигізеді

Тимур Құлыбаев сырттан заңсыз тасымалданатын өнімге қатысты мәселені шешу мақсатында кедендік процедураларды автоматтандыру үдерісі жүріп жатқанын атап өтті. 1 сәуірден бастап «Астана-1» ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға беріліп, іске қосылды.

 «Алайда кеден процедураларын автоматтандыру заңсыз импорт мәселесін толық шешпейді. Аталған түйіткілді кедендік, салықтық және басқа да реттеуші органдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде жан-жақты зерттеу қажет. Үкіметпен бірге контрабандалық тауармен күресу бойынша кешенді шараларды қолға алу керек», – деді Тимур Құлыбаев.  

ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша қазіргі таңда Алматы мен Алматы облысының 300-ге жуық кәсіпкерлік субъектісінің қатысуымен пилоттық зерттеу жобасы жүргізіліп жатыр. Зерттеу нәтижесінде бизнестің бәсекелік қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар тиімділігіне, сондай-ақ, салық салу мен салықтық әкімшіліктендіру жүйесіне баға берілмек. Қорытынды бойынша Үкіметке ұсынылатын шаралар кешені жасалады. Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті төрағасының айтуынша бизнеске «көлеңкеден шығуға» мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасау керек.

Жиын барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту қажеттілігі талқыланды. Қазіргі таңда қоғам тұтынушылар құқығын қорғайтын ұйымға мұқтаж. Жиын қатысушыларының пікірінше бұл сұрақты азаматтық қоғам мен мемлекеттік емес ұйымдар айналысу керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер