«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық органы алдында құқық қорғау қиын

2018 жылғы 11 Сәуір
- Алматы қаласы
3470 просмотров

Мемлекеттік кірістер департаменті жалған кәсіпкерлік бойынша үкімдер алынып тасталса да қосымша салықтық төлемдерді жасауды талап еткен.

 Алматы ауыр машина жасау зауыты салықты уақытында төлеп отырған, алайда кәсіпорынға Мемлекеттік кірістер департаментінен 95 млн теңге көлемінде шот келген. Екі компанияға қатысты сот тергеуі алдында кәсіпорында ауқымды салықтық тексеру жұмысын жүргізілді. Аталған екі компаниямен зауыт бірнеше жыл бұрын шарт жасасқан. Компаниялардың бірін – «СПВЗ» ЖШС сот жалған кәсіпкерлікке қатысы бар деп таныды.

 «Осы үкімдер салдарынан Салық қызметі кәсіпорынға 95 млн теңге көлемінде корпоративті табыс салығы бойынша қосымша салық тақты. Мемлекеттік кірістер департаменті тексеру процедурасын бір жыл жасады, арасында тексеру тоқталды, қайта жасалды», – деп шағымданды Өңірлік кәсіпкерлер палатасына зауыт басшысы Жетпісбай Едігенов.

Екі айдан соң Жоғарғы сот «СПВЗ» ЖШС-на қатысты үкімді жоққа шығарды. Осы жайтты негізге алып зауыт Мемлекеттік кірістер департаментіне қосымша салықты алып тастауды сұрады. Бірақ өтінім қанағаттандырылмады. Салық салынған шешімді сот заңсыз деп таныды. Алайда Мемлекеттік департаменті сонда да өсімақы бойынша төлем жасауды талап етті. Зауыт сот арқылы да құқығын қорғай алмады. Арнайы экономикалық ауданарылқ сот зауытқа тағылған  өсімақыларды сол күйі қалдырды.

 «Зауыт құқығын қорғау мақсатында сотта дәлелдер келтірумен болдық. Бес сот отырысына қатыстық. «Атамекен» Бас прокуратураға жүгінді, осылайша Жоғарғы сот шешіміне қарсылық білдірілді. Нәтижесінде Алматы қалалық соты зауыт шағымын растап, қосымша салық пен өсімақыны заңсыз деп таныды. Енді зауыт 95 млн теңгені төлемейді»,– деді ӨКП сарапшысы Роза Әбуова.

 Сарапшының айтуынша мемлекеттік органдар қатысқан сот процесінде кәсіпкер құқығын қорғау өте қиын.  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер