Алманы табыс көзіне айналдыру – отандық бизнестің өркендеуі
Алматыда алма өсіру мәселесіне арналған семинар өтті
Италиялық агрономдар алма өсірудің қыр-сырын үйрету үшін Алматыға арнайы келді. Семинарға Қазақстанның оңтүстік өңірінде алма бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер қатысты.
«Италия алма бизнесінің нарығында әлемдік үздіктердің бірі саналады. Біз көшет, жабдық, егуден бастап өткізуге дейінге бүкіл жүйені ұсынамыз. Жаңа технологияларда интенсивті бау-бақша болғаны ойластырылған. Көшеттің нық өсіп кетуі үшін қосымша тіреуіштер қолданылады. Біздегі көшеттердің тамыры әлсіз, сондықтан құлап қалуы мүмкін. Мұндай жоба 3-4 жылда өтеледі. Интенсивті бақтың бір гектарының құны технологиясына байланысты 30 мың еуродан 60 мың еуроға дейінгі аралықта. Бір гектарға 2500-ден 4333 көшет егуге болады. Көшет саны ағаш егудің әдісіне тікелей байланысты», - деп хабарлады италиялық компанияның менеджері Біржан Ержігітов.
Ал қаражат жетпей отырған кәсіпкерлер Агронесие корпорациясына жүгінулеріне болады деп ұсыныс білдірді Нармұхан Сарыбаев.
«Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігінде инвестициялық субсидиялаудың тәсілін өзгертуге қатысты жұмыс қолға алынған. Шамамен 25% деңгей бекітіледі. Яғни барлық субсидия инвестиция құнынан 25% спайтындай етіп төленеді. Бұл субсидияны арнайы шотқа аудару арқылы бастапқы жарна ретінде қолдануға болады. Бұл міндетті 15%-дық қаржылық қатысу ережесін жеңілдетеді. Бұл 15%-ды мемлекеттен алдын ала аванстық төлем ретінде алуға болады, бақты пайдалануға бергеннен кейін біз оны төлемге жолдаймыз немесе осыған дейін қаржыландырылған меншіктің өтемін төлейміз. Бүгінде шамамен 400 гектардай бақ бар. Қызығушылық бар екенін көріп отырмыз», - деп хабарлады Нармұхан Сарыбаев.
Өзгертулерге қатысты талқылауға Қазақстан бау-бақшашылар қауымдастығы белсене қатысып отырғанын атап өтті. Қаражат екінші деңгейлі банктен, лизингтік компаниялардан бөлінеді. Қаржы толықтай бау-бақшаға қажеттілерге жұмсалады. Әрине айналым қаражатын арттыруға да бағытталады.
Бүгінде Алматы облысында жеміс өсірумен айналысатын 10-ге жуық ірі және шағын компаниялар бар. Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында да жеміс өсіру саласында жүзден астам компаниялар жұмыс істейді. Бұл компаниялардың барлығын да өндіріс көлемін арттыру мүмкіндіктері қызықтырады. Қазіргі таңда алма өсіруге қырғыз кәсіпкерлері де белсене кіріскен.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: