Атырау кәсіпкерлері салауатты өмір салтын ұстанады
Атаруылық кәсіпкерлер бизнесті табысты жүргізіп, спортпен де айналысады
Спортта шыққан кәсіпкерлердің белсенділігі «Жайық» мәдениет және спорт кешенінде өткен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректоры кубогына арналған волейбол жарысында танылды.
Жарысқа жалпы бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, Ұлттық қауіпсіздік департаменті, «Нұр Отан» партиясы және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінен құрылған 12 команда қатысты. Турнир төрт күн жалғасты.
«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті басшылығына осындай турнир ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді. Аталған жарысқа кәсіпкерлер қуана қатысты. Мұндай іс-шаралар жаппай спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануға талпындырады. Жастардың спортқа жақын болуын Елбасы да қолдайды. Сонымен қатар мұндай жарыс бизнес пен мемлекеттік органдар арасында байланысты нығайтады», – деді Атырау кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Ақан Қайырғалиев.
Турнир қорытындысы бойынша Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректорының кубогын Атырау мұнай өңдеу зауытының командасы еншіледі. Екінші орын – Ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлеріне бұйрды, ал үшінші орынды Атырау облысы ӨКП өкілдері ұтып алды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: