«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда қаражат тапшылығы мәселесі «Атамекенде» талқыланды

2018 жылғы 09 Сәуір
7402 просмотров

Жергілікті атқарушы органдарға кәсіпкерлікті қолдауға қосымша қорлар іздестіру қажет

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасын жүзеге асыру, қаржыландыру және ұзарту бойынша селектрлік отырыс өткізілді. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева отырысқа төралқалық етті.

Ұлттық палатаға өткен жыл сынды биылғы жылы да Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен кәсіпкерлік субьектілерінен біріңғай бағдарлама аясында жаңа және жүргізіліп жатқан жобаларды қаржылай қолдау бойынша қаржы жетіспеушілігі орын алуына байланысты өтініштер түсуі жалғасын табуда.

Еске салсақ, «Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасы кәсіпкерлердің қаржы механизмдеріне қолжетімділігін арттырып, бизнестің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мәселен, 2017 жылы 48,3 млрд теңге бағдарлама бойынша жүзеге асырылуға жөнелтіліп, ал 2017 жылы төленген салық көлемі (217 млрд теңге)  бағдарламаға жұмсалған мемлекеттік шығындардан 4 есе асып түсті.

Алайда, көрсеткіштерге қарамастар Юлия Якупбаева 2018 жылы қаржыландыру мәселесі қалай шешілетіндігіне байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдеріне мән-жайдың анық-қанығын түсіндіруді өтінді.

«Бизнеске нақты белгі беру қажет. Не біз жұмыс жасап тұрған жобаларды соңына дейін жеткіземіз, не жаңа жобалар бойынша жауапкершіліктерді өз мойнымызға аламыз. Дегенімен, басымдылық қандай болу қажет? Осыған дейін өңірлер бюджеттен қосымша қорларды өздері тапсын деген айтылған болатын және көпшілігі дәл солай әрекет етті. Алайда, биылғы жылы не істеуіміз қажет? Қазір жылдың басы және қаржыландыру жетпейтіндігі нақты белгілі», – деді деп түйіткілдерді анықтады Юлия Якупбаева.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов қазіргі күнгі жағдай жайында баяндады.

«29,7 млрд теңге транферлер үшін бекітіліп, әкімдіктерден шамамен 14 млрд теңге көлемінде қаражат берілді. Яғни, олардың борыштары 15 млрд теңге көлемінде. Көпшілік өңірлерде қаражат тек бекітілген міндеттерді атқарудан артылмайтын жағдай орын алды. Жаңа жобаларға қаражат тек Өскемен, Қызылорда және Астана қалаларында ғана бар. Жалпы алғанда қазіргі таңда 4,5 млрд теңге көлемінде қаржы жетіспейді », – деді Нұрлан Ақшанов.

Сонымен қатар, төраға орынбасарының айтуынша субсидиялау тәртібіне өзгерістер енгізілуі кредит комитеттеріне өтініштер қарастыру мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді.

Өз кезегінде ҰКП Өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры Фатима Герфанова қазіргі таңда орын алған өңірлердегі жағдайға тоқталып өтті.

«Тіпті қазіргі уақыттың өзінде 16 өңірдің 10-да қажеттіліктер пайда болған не екінші жарты жылдықта пайда болады деген болжам бар. Өткен жылдың нәтижелеріне сәйкес қажеттіліктердің жалпы соммасы 13,3 млрд теңге болады деп күтілуде. Бұл арада қазіргі уақыттың өзінде 5 өңірде жасалуы тиіс жұмыстар бойынша қаржы тапшылығы орын алды. Биылғы жылдың 3 айы көлемінде бірқатар өңірлерде жаңа өтініштерді қарастыру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі ұйымдастырылмаған», – деді Фатима Герфанова.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директор орынбасары Шыңғыс Ахметов сұрақтарға жауап берді.

«Биылғы жылы жасалу тиіс жұмыс бойынша 8 өңірге қаржы жетіспеушілігі орын алып, 10-да жалпы келісім беріліп, алайда қол қойылмаған жобаларды жүргізуге қаржы жетіспейті. Яғни жобалар келісілгенімен, келісім шартқа қол қойылмағандықтан кәсіпкерлер күтіп отыр. Қазіргі таңда қосымша қаржыландыру мәселесі әлі де шешімін таппады. Сол себепті жергілікті атқарушы органдар кәсіперлікті қолдау үшін өздерінің қосымша қорларын іздеу қажет», – деді Шыңғыс Ахметов.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі селектор үшін маңызды ақпарат хабарлады:

  1. Осыған дейін Өңірлік үлестіру кеңестерінде келісілген ірі бизнестердің жобаларын субсидиялау жалғасын табатын болады. Ірі бизнесті қаржыландыруға тыйым салу тек жаңа жобаларға байланысты бекітілген.
  2. Өңірлік үлестіру кеңестері жаңа жобаларды 2020 жылға дейін қарастыратын болады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Отырыс нәтижесінде «Атамекен» ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Даму» қорына егжей-тегжей сараптама жасап, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында әрбір өңірде қаржыны игерудің тез жүргізілу себептерін анықтайды тапсыруды ұсынды. Сонымен қатар, әкімшіліктерге қаражатты бағыттар бойынша үлестіру бойынша шек белгілеу қажеттігі айтылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын қосымша қаржыландыру мәселесі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Үкіметі деңгейінде талқайды жоспарлауда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер