«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Облыста шағын бизнес субектілері 4,6%-ға өсті

2018 жылғы 06 Сәуір
- Маңғыстау облысы
6150 просмотров

Маңғыстау облысы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны  бойынша  үздік 10 аймаққа енгізілген. Бұл туралы Finprom.kz. сайты хабарлайды. Өткен жылмен салыстырғанда облыстағы шағын бизнес субъектілерінің саны 4,6% -ға өскен, бұл өңірдегі кәсіпкерлік саласының даму қарқынының жоғары екенін көрсетеді.  Жыл басынан бері облыста 4200 шағын бизнес субъектілері  тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш  4000-ға дейін болатын.

Ал енді еліміз бойынша сандарды сөйлетейік:  

Шағын бизнестің саны осы уақытқа дейін  6,5 мыңға дейін ұлғайса, бір жылда 138,4 мың (+ 4,9%) болған. Бесжылдық өсім 41% болды. Сонымен қатар, тіркелген кәсіпорындардың жалпы санынан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 34,7% -дан 33,9% -ға дейін төмендеді. 

Жаңа, бірақ белсенді емес шағын компаниялардың саны жылына 16% -ға өсіп, 42,8 мыңға жетті.

Жалпы алғанда, еліміз бойынша  шағын бизнестегі заңды тұлғалардың саны жылдан-жылға артып келеді және ағымдағы жылдың көктемінде 254,4 мың адамға жеткен. 2013 жылдан бастап олардың өсімі 93,1 мыңды құрады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер