«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СҚО кәсіпкерлері Мәжіліс депутаттарына өз мәселелерін айтты

2018 жылғы 05 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
9024 просмотров

Жергілікті бизнесмендер көтерген мәселелердің негізгісі – дифференцияланған тарифтерді жекелеген іскерлік бағыттар бойынша градациямен қайтару, ұн өндірушілер мен жергілікті құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдау

 Қазақстан Республикасы Президентінің 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіру жұмыстары аясында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина, Жәмиля Нұрмағанбетова және Меруерт Қазбекова жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу СҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында өтті.

 Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын және оны қалай жүзеге асатынын түсіндіріп, мәжіліс депутаттары кәсіпкерлерге өңірде орын алған әр мәселені тыңдаймыз деп сөз берді.

 СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев мемлекеттік несиелеу бағдарламаларына қатысқысы келетін ауыл тұрғындарының мәселесін көтерді.

 «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры директорлар кеңесі шешімімен жеңілдетілген несие бөлу талаптары өзгертілді. Мәселен, былтыр жеке кәсіпкерлер мал шаруашылығын жүргізуге несие ала алса, биыл мұндай мүмкіндік алынып тасталған. Біздің ойымызша мұндай шара «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» талаптарына кереғар. Өтйкені, бағдарлама бойынша несие жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыс істеп тұрған және кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге бағытталған. Біз былтыр несие алғандар бойынша талдау жүргіздік. 100 адамның 98-і – жеке кәсіпкер, онің ішінде 78 кәсіпкер несиені мал шаруашылығын жүргізуге алған. Демек, биыл жаңа талаптарға сәйкес бұл кісілер «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» арқылы несие алмайды. Ал басқа қаржы көзі жоқ», – деді Дархан Қалиев.

Осы ретте директор 15 сәуірден бастап облыстың барлық ауданында «Бастау» бағдарламасы бойынша оқу курстары басталатынын хабарлады. Осы аптадан бастап Палата өкілдері аудандарға барып, жұртшылыққа бағдарлама шарттарын түсіндіретін болады.

«Яғни, баршамыз ауылда жаппай кәсіпкерлікті дамытуға дайынбыз деп айтамыз, бір шетінен талаптарды өзгерту арқылы ауыл тұрғындарын несие алудағы мүмкіндігін болдыртпай отырмыз. Сондықтан осы мәселені шешуге қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз», – деді Дархан Қалиев.

Дифференцияланған тарифтардың алынып тасталуы өңір үшін тағы бір өзекті мәселе болып отыр. Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Александр Казанцев егжей-тегжейлі айтып берді.  Александр Казанцев сонымен қатар палатаның сарапшылық кеңесінің төрағасы және Тарифтар бойынша республикалық кеңестің сарапшысы болып табылады.

 Кәсіпкердің пікірінше тәулік бойынша сараланған тарифтерді қайтару керек, және кәсіпкерлер мен тұрғындарға тарифтерді таңдау құқығын да беру жөн.

 Ал Мәжіліс депуттарымен өткен кездесуде ұн өндірушілердің экспорт нарықтары жоғына байланысты мәселені «Султан-ММК» диірмен-макарон кешенінің өкілі көтерді. Өзбекстан билігі Қазақстан импортын тежеу үшін барын салуда. Олар бидайға салынатын импорттық баждарды нөлге теңеп салықтарды, транзит тарифтерін және өңделген өнімдеріне алымдарды арттырған.

«Тәжікстан мен Өзбекстан соңғы онжылдықта өздерінің қазақстандық бидай экспортына бағытталған ұн өндіруші кәсіпорындары желісін дамытып отыр. Өзбекстан территориясында біздің бидайдан өндірілген ұн тарту кешендері белсенді салынып, іске қосылып жатыр. Ал СҚО кәсіпкерлері үшін Тәжікстанға ұн экспорттау тиімсіз, сондықтан көп кәсіпорын жабылып жатыр. Ал бұл дегеніміз жүздеген қызметкер жұмыссыз қалғанын білдіреді; мәселені қолға алу керек», – деді кәсіпкер.

 Солтүстік Қазақстанның тағы бір осал тұсы – құрылыстағы мемлекеттік сатып алуларға қатысты. Өйткені бас мердігерлер жергілікті өндірушілерден гөрі басқа облыс, тіпті шетелдік өндірушілермен жұмыс істеуді жөн санайды. Ал бұл үдеріске түрткі болып отырған – тапсырыс берушілер. Олардың тарапынан негізгі талаптарды бақылау жұмысы байқалмайды. Өзінің шағымын құрылысшыларға да, тапсырыс берушілерге де «Петропавл металлоконструкция зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары Азамат Бекқожинов айтты.

 «Өз металл констуркцияларымызды Астанаға жеткізіп отырмыз, ЭКСПО құрылысына да біздің өнім пайдаланылған. Алматыдағы мұз айдынына да қатыстық. Яғни, барлық өңірде дерлік жұмыс істеп отырмыз да, ал өз өңірімізде жұмыс жоқ. Біз  жергілікті жерде тамыр жайғымыз келеді, алайда бізге ондай мүмкіндікті бермей отыр. Мәселен, Винокуров атындағы сарайды салу кезінде барлық метталоконструкция Ресейден әкелінді, Мәскеу түбінен! Онда бізден гөрі арзанырақ па? Ойлап көріңізші шалғай жерден жеткізуге еткен көлік шығындары қандай!», – деді Азамат Бекқожинов.

 Бір сөбен айтқанда бұл мәселе осы кәсіпорынның ғана мәселесі емес, барлық жергілікті құрылыс материалдарын шығаратын компанияларына қатысты түйткіл. Қазіргі таңда ӨКП бұл мәселені шешу бойынша жұмыс атқарып отыр.

 Жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдері Мәжіліс депутаттарын олар атқарып жатқан түсіндіру жұмыстары үшін алғыс білдірді және облыстағы бизнестің мәселелерін шешуде оалрдың тарапынан көмек көрсетіледі деген сенімдерін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер