ҚР Күзет ұйымдары қауымдастығы нысандардағы қауіпсіздік шараларына қатысты ұсыныс берді
ҚР Күзет ұйымдары қауымдастығының Төралқалығы күзет қызметі субьектілерінің басшыларына барлық нысандарында күзет шараларының сенімділігі жағдайына сараптама жүргізуге кеңес береді. Бұл арада лаңкестік жағынан осал болатын, бірінші кезекте көпшілік шоғырланған жерлерге ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.
Қауымдастық сарапшылары жұмысты жақсартуға қатысты ұсыныстар дайындады. Нысандардың иелерімен және басшыларымен жасалған қосымша құжаттарда жеке меншік күзет уәкілеттігін және қауіпсіздік жағдайы үшін нысандардың лауазымдық тұлғаларының жауапкершілігін межелеп, жоспарлы түрде осы жұмысты әрдайым жүргізу қажет.
«Қызметті атқару барысында жеке құрамды бағыттауды және төтенше жағдайлар қаупі жағдайында шұғыл түрде мемлекеттік уәкілетті органдар мен нысан басшылығына жедел хабар беруді, өзінің тікелей міндетіне зиян келтірместен төтенше жағдайды жоюға белсене қатысуды, өз ұйымының қосымша күшін жұмылдыруды ұсынамыз», – деген ұсыныс білдірді төралқа мүшелері. Қауымдастық кеңес беруге және көмек көрсетуге әрдайым ашық екені де айтылды.
Күзетшілердің кәсіби дайындығын бағалап, қызметтік міндеттерін білу және сол білімді қолдана алу деңгейіне назар аудару керек. Төтенше жағдай, оның ішінде лаңкестік әрекеттер орын алған уақытта күзетшінің іс-әрекеті бойынша нұсқаулық әрбір бекетте болуы қажет. Мұнымен қоса, күзет қызметінің міндеттері нақты бекітілуі тиіс күзет қызметіне арналған келісім-шарт пен нұсқаулықтың мазмұнын егжей-тегжей сараптау керек.
Еске салсақ, «Атамекен» Ұлттық палатасы сауда мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлерге, Қазақстанның ірі сауда орталықтарының өкілдері, мемлекеттік органдар, ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің өкілдері мен қоғам қайраткерлері үшін барлық ұсыныстар талқыланған байланыс алаңына айналды. Осыған дейін «Атамекен» қоғамдық бақылауды күшейту қажеттілігі туралы өз ұстанымын жариялаған еді, бұл бастаманы кәсіпкерлер тарапы қолдады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: