«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңызды мәселе: «Астана-1» ақпараттық жүйесінің толық іске қосу мәселесі ашық қалуда

2018 жылғы 29 Наурыз
3231 просмотров

1 сәуір - күнен күнге жақындап келуде, ол дегеніміз Қазақстан Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексінің ережелері мен ҚР «Қазақстан Республикасының кедендік реттеу туралы» кодексіне сәйкес барлық 17 кедендік рәсімдер бойынша тауарларды толық электрондық декларациялауға көшетін уақыт.

ҚР Қаржы министрлігі (Мемлекеттік кірістер комитеті) өзінің және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының алдында дәл осындай мерзімді қойып, осы мерзім аралығында Үкіметтің қойған осы міндетін орындай алатындығына сендірген болатын.

Тауарларды декларациялау қағаз жүзінен алғаш толық электрондық нұсқаға көшіп жатқандығын ескерсек, сонымен қатар, дәл осы уақытта ASYCUDA бағдарламасының платформасына негізделген жаңа «Астана-1» ақпараттық жүйесін енгізу жүргізіліп жатқандығын біліп, Ұлттық палата бизнес жүргізуге кедергі келтіретін қосымша қарама-қайшылықтардың алдын алу мақсатымен аталмыш жаңашылдық бойынша мониторинг жасап отырады.

Осы мақсатпен 2017 жылдың 25 желтоқсанынан бастап ҰКП алаңында жүйелі түрде бизнес пен Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерімен тиесілі жиындар өткізіліп, жұмыс барысында бейне байланыс арқылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан бизнес өкілдері қатысады.

Осы сынды жиындардың соңғы бірінде, нақтылай айтсақ биылғы жылдың 28 наурызында болған 8-ші отырысына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры Дина Мамашева төралқалық етіп,  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары Госман Амрин «Астана-1» ақпараттық жүйесі 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап өндірістік пайдалануға енгізуге мемлекеттік кірістер органы толық дайын екендігін айтты.

Сонымен бірге, Госман Амрин өз сөз сөйлеуінде 20 және 27 наурыз күндері өзі жеке өткізген жүйені тестілеу барысында анықталған бірқатар техникалық қателіктер мен аяғына дейін жеткізілмеген жұмыстың бар екендігін мойындап, сәйкес жұмыстар жасалып жатқандығын айтты.

Спикердің айтуынша бастапқы кезеңде мемлекеттік кірістер органы Қазақстанның барлық кедендік рәсімдеу орталықтарында сыртқы экономика қатысушыларына аталмыш жүйеде электрондық декларациялауға қажетті байланыс арналары бар 10-ға жуық автоматтандырылған орындармен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Госман Амриннің айтуынша Мемлекеттік кірістер комитеті «Астана-1» ақпараттық жүйесін қолдануда қажетті Электрондық декларациялау ережелері мен Қолданушыларға нұсқаулық жобасын дайындады. Төрағаның орынбасары бизнеске қажетті барлық анықтамалар мен сыныптауыштарды ұсынатындарына сөз берді. Биылғы жылдың 29 наурызында элетрондық цифрлы қолтаңбаны қолдану бойынша «ауқымды әрі бас тестілеу» болуымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті дайындаған тауарларға декларацияларды толтыру бойынша Электрондық декларациялау ережелерінің бейне сабақтарын әрбір қатысушыға жеке жіберілетіндігі хабарланды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің көңілі жай болғанына қарамастан іс-шараға қатысқан бизнес өкілдері, мәселен, «Karachaganak Petroleum Operating BV», «Кока-Кола Алматы Боттлерс», «Рахат» АҚ, «Азия Авто» АҚ, ҚР Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарушылар одағы сынды ірі компаниялар, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сыртқы экономика қызметінің өкілдері арасында жүйелі сауалнама жүргізу барысында «Астана-1» ақпараттық жүйесінің 2018 жылы 1 сәуір күні өндірістік қолдануға көптеген себептермен дайын емес екендігін бірауыздан қолдады.

Біріншіден, қайталанып кездесетін қателіктерді қолма қол түзету қажеттігі нәтижесінде әрбір декларацияны рәсімдеуде техникалық тұрғыдан жеке кеден инспекторы сүйемелімен жүргізілуіне әкеліп соқты. Өнеркәсіптік қолданыс жағдайында мұндай рәсімдерді ауқымды түрде ел бойынша жүргізу нәтижесінде рәсімдеу мүмкін емес болуы әбден мүмкін.

Екіншіден, қажетті құқықтық негіздің жоқ болуы. Тіпті ҚР Қаржы министрлігінің қаулысының жобасын Әділет министрлігіне тіркегеннен (биылғы жылдың 1 сәуірінен едәуір уақыт өткен соң болатын) кейін күшіне енгеніне 10 күн өткен соң Мемлекеттік кірістер комитетінің тез уақыт аралығында әзірлеген «Астана-1» ақпараттық жүйесінің Электрондық декларациялау ережелер жобасын бекіту туралы қаулы күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ біріңғай кеден заңнамасы аясында олардың легитимділік мәселесін шешпейді, себебі олар (ҚР ережелері) 20.05.2010 жылдан №257 бұйрығымен Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген тауарлардың Декларациясын толтыру нұсқаулығымен қолданатын Одаққа мүше елдер, кәсіпкерлер мен кеден қызметімен келісілмеген.   

Үшіншіден, бұдан өзге арнайы кеден рәсімдері бойынша тестілеу жүргізілмеді. Тек бұл емес, техникалық қателіктер әлі де орын алып, өткен жылы тестілеуден өтсе де «кедендік транзит» және «экспорт» құрамдасы бойынша тұрақты жұмысқа қосылған бөлімдерде бірден өзгертілмеу жағдайы орын алуда.

Бұл арада, жүйе электрондық цифрлы қолтаңба мәліметтерінің анықтылығын растауды қарастырмайтындығымен қатар байланыс арналар ауқымы кең еместігінен электрондық көлемі 1 мб аспайтын тауарларға қажетті құжаттарды декларацияға тіркеуге мүмкіндік жоқ. Мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік рәсімдеу орталықтарында уақытша ұсынатын оншақты компьютерлері аталмыш мәселені шешпейді және бизнес кедендік рәсімдеу орталықтарында артық уақыт жоғалтуға мәжбүр болуы мүмкін.

Осылайша, бекітілген уақытқа дейін бар жоғы 2 күн ішінде «аталмыш жүйенің толық іске қосылуы 1 сәуірден басталады ма?» деген мәселе шешілмей қалып тұр. Мәселе өте өзекті себебі бұл арада жаппай кедендік рәсімдердің тоқтап қалу қауіпі бар.

Бұл жағдайда бизнес тек Мемлекеттік кірістер комитеті бекітілген мерзімдерге сәйкес ақпараттық жүйені жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыра алатындығына сенім артып, күтуден басқа амалы жоқ.

 

Проблемы по ЭД на СС Третьякова Т.

Протокол_рабочей_встречи 20.03 с Амриным

Протокол ВКС от 28.03.2018г.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер