«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл әкімдігі кәсіпкерге талап қойған

2018 жылғы 30 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
5325 просмотров

Көкпекті ауданының кәсіпкер әйелінен мемлекеттік қызметкерлер ақпараттық-коммуналдық инфрақұрылымнан жазбаша бас тарту туралы талап еткен. Қазір бұл жағдайды шешуге ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті кірісті

«Коре Сарам» әлеуметтік кәсіпкерлік кооперациясының басшысы Людмила Ким ШҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалына өтініп жасап, шенеуніктердің бассыздығына шағымданды. Айта кетелік, әкім өзімен бірге тағы бір шендіні ерте келген.

 «16 наурыз күні сағат 10:00-де үйімізге Миролюбов ауылдық округінің әкімі мен Жастар бөлімі  маманы келіп, көшеге адам жинап, шу шығарды. Олар ақпараттық-коммуналдық инфрақұрылымнан бас тартуды талап етті. Олар аудан әкімі бәрібір ақпараттық-коммуналдық инфрақұрылымына бәрібір қаражат бөлмейтінін айтты. Өйткені мен несие төлемей отырмын. Округ әкімі Миролюбовкадан тіркеуден шығуымды бұйырды», – деп жазды өз шағымында Людмила Ким.

 ӨКП Көкпекті бойынша филиалы директоры Әлия Мұқашева әкім ауданы Рамиль Сағындықовқа орын алған жағдайды шешуді сұрады. Демек, ауылдық әкімдік қызметкерлері әдеп бұзып, мемлекеттік қызметкер этикасына нұқсан келтірді. Палата қызметкері егер мәселе шешілмесе, сәйкес органдарға жүгінетінін де ескертуге ұмытпады.

 «Әкімдік талабы заңсыз, бұл нағыз қызметтік өкілдікті асыра пайдалану. Өз әрекеттерімен олар ауылдағы бизнес дауына кедергі келтіріп отыр. «Коре Сарам» ӘКК көкөніс өсірумен айналысады, сондықтан олар ақпараттық-коммуналдық инфрақұрылымға Палата филиалы арқылы өтінім берген. Өтінімді облыстық комиссия мақұлдады. Кәсіпкер қалайша электроэнергияны қосудан бас тартуы керек? Бұл жақсы өнім алуға керек шара. Факт бойынша кәсіпкерлердің жері Палатцын ауылдық округы шекарасында орналасқан»,– деді Әлия Мұқашева.

 Кеше Миролюб ауылдық округіне ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінен арнайы комиссия келгені белгілі болды.

Палата филиалы директорының айтуынша бүгінде аудан бойынша 8 жобаға инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым қажет. Олардың біреуіне ғана рұқсат берілген. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер үшін жобалық-сметалық құжаттама қымбатқа түсіп жатыр.

 Айта кетелік, аудан шенділері кәсіпкерлердің шағымына ылғи ілінеді. Былтыр жол жөндеуші ұйымдар әкімдіктен маңдай термен тапқан ақшаларын өндіре алмады, ал кооперативке біріккен ауыл тұрғындары бірнеше ай бойы жер учаскісін ала алмаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер